8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2021 1589 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА ЖУРНАЛИСТЕР МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстанда журналистердің мәртебесін заң жүзінде көтеру ұсынылды. Сенатор Нұртөре Жүсіп осындай ұсыныс жасады.

Депутаттың айтуынша, журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде көрсетілмеген. «БАҚ туралы» заңда және Еңбек кодексінде журналистердің міндеті мен құқықтары қарастырылғанымен, мәртебесі мен кепілдігі туралы мәселе қозғалмаған. Нұртөре Жүсіптің айтуынша, журналистер өте жауапты әрі қауіпті жұмыс атқарады.

Сенатор отандық журналистика дамуы үшін журналистердің мәртебесін көтеру, олардың әлеуметтік жағдайын жасап, қорғау маңызды саналатынын айтты. Оның айтуынша, пандемия кезінде журналистер дәрігерлермен, полиция қызметкерлерімен және құтқарушылармен тең дәрежеде еңбек етті, бірақ бұл үшін қосымша төлемдер мен әлеуметтік көмек алмады. Сондай-ақ, журналистер тұрғын үй алуға өтініш бере алмайды, себебі олар не мемлекеттік қызметші, не азаматтық қызметші емес.
«Журналистерге сот, прокуратура, Ішкі істер министрліктері, адвокаттар немесе нотариустар сияқты нақты мәртебе беретін уақыт келді. Қоғам демократиясы журналистердің қатысынсыз, ақпаратсыз мүмкін емес. Сондықтан ақпарат өкілдерін қолдап, әлеуметтік көмек беруіміз керек. Ол үшін «Журналистер мәртебесі туралы» заң қабылдау қажет», – деді депутат премьер-министрге жолдаған сауалында.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-jurnalister-martebesn-koteru-usyinyildyi-327755/
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»