ҚАЗАҚСТАНДА ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫМЕН МАРАПАТТАЛМАҚ
Енді Қазақстанда үздік оқушыларды мектептер арнайы сыйақылармен марапаттайды. Соның ішінде алтын белгі иегерлері 1500 АЕК, күміс 1000 АЕК, қола медаль иегерлері 500 АЕК көлемінде қаржылай сыйлық ала алады.
Білім министрі Асхат Аймағанбетов қала мен ауыл оқушыларының білім деңгейі бірдей болуы тиіс деген мақсатта 2022 жылдың басты жоспарларына ауыл мектептерін дамыту, оқытушылардың жалақыларын көтеру сияқты мәселелерді енгізді.
Бұған дейін білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ағымдағы жылы 70 мың педагогтің білім беру бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттыратындарын айтқан болатын. Сонымен қоса Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарына үздік оқытушыларды тарату және олардың баспанасы мен коммуналдық қызметіне көмек көрсете отырып, жалақыларын екі есеге өсіру туралы шешімдер туралы хабарланған болатын.
Оқушылар үшін де үздік нәтиже көрсеткендер қаржылай марапатталатын болады. Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне де, оларды дайындаған оқытушыларға да сыйақылар төленетін болады. Ал алтын белгі иегерлеріне 1500 АЕК, күміс медаль 1000 АЕК, қола медаль иелеріне 500 АЕК көлемінде ақшалай сый беріледі.
Ел президенті 2022 жылды балалар жылы деп жариялаған болатын. Сондықтан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мен білім саласын арттыруға ерекше назар аударылады. Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру бағытын жеке өзі қадағалайтынын айтты.
https://stan.kz/mektepter-uzdik-okitindardi-akshalay-siyakimen-marapatt-359327/
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу