ҚАЗАҚСТАНДА ТАҒЫ ДА БЕНЗИН ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы 2-10 теңгеге көтерілген.
2021 жылдың ақпанында бензин 0,5% қымбаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Осы жылдың қаңтарында Қазақстанда 408,1 мың тонна бензин өндірілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға аз. Бұл отандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қарқынын бәсеңдеткенін көрсетеді.
Елімізде негізгі бензин өндірушілер – «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, Павлодар, Атырау мұнай өңдеу зауыттары. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында олар 4,5 млн тонна мотор отынын өндірген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1%-ға аз.
Сонымен қатар өткен жылы (қаңтар-желтоқсан) жоғарыда аталған компаниялар бензинге сұранысты (ішкі нарық және экспорт) толық қамтамасыз еткен.
Сондай-ақ, Қазақстан экспортқа 516,3 мың тонна бензин жіберіпті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 есе көп.
Ішкі нарықта 4 млн тоннаға жуық бензин сатылған (2019 жылмен салыстырғанда минус 11,6%).
Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензин маркасына байланысты оның бағасы литріне 2-10 теңгеге көтерілген. Бұл 2020 жылы акцизге бағаның өсуімен байланысты. Мамандар бағаның одан әрі өсуіне алғышарттар бар екенін айтады.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың ақпанында бензин 0,5%-ға қымбаттапты. Қазақстандағы АИ-92 литрінің орташа бағасы – 151,3 теңге, АИ-95/96 – 172,3 теңге, АИ-98 – 191,4 теңге.

https://kaz.zakon.kz/5062321-aza-standa-ta-y-da-benzin-ymbattauy-m.html
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу