ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ «СПУТНИК V» ВАКЦИНАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДОЗАСЫН САЛУ БАСТАЛДЫ
Бүгін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды.
⠀
Вице-министрлер вакцинаның бірінші, екінші дозасын да Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада салдырды. Е.Қиясов пен А. Ғиният өздерін жақсы сезінетіндерін жеткізді. Вакцинация алгоритмі бойынша олар 30 минут медициналық бақылауда болды.
⠀
ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов екі дозалы вакцинаның толық курсын алғаннан кейін, ол өзін коронавирус инфекциясынан толық қорғалғанын атап өтті. Ол профилактикалық егудің мақсаты ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін еске салды.
Бүгінде COVID-19 қарсы вакцинация қауіпті инфекциямен күресудің жалғыз тиімді әдісі және қатаң шектеулердің баламасы болып табылады.
⠀
Ерлан Қиясов елімізде вакцинация жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп жатқанына назар аударды, өңірлерде «Спутник V» вакцинасының екінші дозасы қолжетімді, оның өндірісі Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында жолға қойылған.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау вице-министрлері 2021 жылдың 1 ақпанында «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып қабылдады.
⠀
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу