ҚАЗАҚСТАНДА КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Біріншіден, 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени шаралар, конференциялар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарда, халықты қамтамасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарларда қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлерде күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режим орнату. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынып, ол жерлерге күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим енгізу. Каникул кезінде оқушыларға өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауға тыйым салу, қоғамдық көліктерді жуып, дезинфекция жасау. Орта білім беру орындары каникулға 2020 жылы 16 наурыз – 5 сәуір аралығында шығу, 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО-лар қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру қажет», – деді брифингте вице-премьер Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын жария етті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу