ҚАЗАҚСТАНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕ ПАЙДА БОЛАДЫ
Ұлттық банк Қазақстанда валютаның жаңа түрі – цифрлық валютаны тестілеу үшін арнайы платформа әзірлейді. Бұл жайында Ұлттық банк жариялаған цифрлық теңге жайлы баяндамасында жазылған.
Цифрлық теңге деген не?
Цифрлық теңге – бұл эмиссиясын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын жаңа ақша нысаны. Баяндамада цифрлық теңге қолма-қол ақшаны немесе қолма-қол емес ақшаны ауыстыруға арналмаған, ол қағаз ақшамен қатар пайдаланылатыны жазылған.
Қазіргі уақытта ҚРҰБ ОБЦВ шешетін міндеттер, олардың эмиссиялау мен тарату тәсілі, пайдаланылатын технологияны, ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылық пен төлем қызметтері нарығына әсерін айқындай отырып, цифрлық валюталардың артықшылықтары мен тәуекелдеріне жан-жақты зерттеу жүргізіп жатыр. Пилоттық жоба биыл жылы қолға алынбақ.
Бұл жұмысқа қаржы нарығының қатысушылары, сарапшылар қоғамдастығы және халықаралық әріптестер тартылған. Зерттеу шеңберінде Ұлттық банк бөлшек цифрлық валюта бойынша пилоттық жобаны іске асыру, цифрлық теңгенің әсерін бағалау бойынша зерттеулер сериясын және цифрлық теңгенің ерекшеліктерін талқылау үшін нарыққа қатысушылармен және халықаралық әріптестермен бірнеше сессия өткізуді жоспарлап отыр.
Осы жұмыс қорытындысы бойынша ҚРҰБ технологиялық инфрақұрылымға және ұлттық цифрлық валютаға байланысты мәселелерді реттеуге, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптары бар цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын болады.
Цифрлық теңгенің артықшылығы мен кемшілігі
Баяндамада атап өтілгендей, реттеуші цифрлық теңгені тестілеу үшін арнайы платформасын әзірлейді. Платформа қаржы нарығының қатысушылары төлем сервисі қызметін көрсетіп, ал Ұлттық Банк инфрақұрылымды қамтамасыз ететін екі деңгейлі болмақ.
Цифрлық теңге эмитенті Ұлттық банк болады. Пилоттық жоба шеңберінде шығарылатын цифрлық теңге бөлшек саудада қолданылады, яғни оны көпшілік, соның ішінде жеке тұлғалар мен қаржылық емес ұйымдар да пайдалана алады. Цифрлық теңге жеке электрондық әмияндарға жазылады және олардың арасында орын ауыстыра алатын бірегей цифрлық реттілік форматында шығарылатын болады.
Сонымен қатар ҚРҰБ цифрлық платформаны технологиялық іске асырудың басқа да нұсқаларын қарастырады. Бұл ретте іске асырудың кейбір технологиялық тәсілдері Интернет желісіне қосылмай-ақ цифрлық теңгемен алмасуды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар цифрлық теңгені онлайн-транзакциялар үшін пайдалануға болады.
Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу бірқатар бірегей технологиялық сипаттамалардың арқасында Ұлттық төлем жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз етуге және қолма-қол ақшасыз төлемдеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді деп пайымдайды.
kaz.zakon.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу