8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2021 1600 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА БИЫЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 150%-ҒА ДЕЙІН ӨСЕДІ

Қазақстанда биылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы өседі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов айтты. ақпарат агенттігі.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшеді.

«Бұл жалақы жүйесі әдеттегі механикалық жалақыны көтерумен байланысты емес. Бұл мүлдем жаңа институционалдық құрал, онда біз мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеу тәсілдерін қайта қараймыз», – деді Жарқын Тілеукенов

Спикер егер ескі жүйе бойынша жалақы деңгейі атқаратын лауазымының деңгейіне байланысты анықталса, жаңа жүйе лауазымның маңыздығын ескеретінін атап өтті.

«Яғни, осы лауазымда тиімді жұмыс істеу үшін құзыреттердің қаншалықты және қандай спектрі мен сапасы, өкілеттіктер шеңбері, жауапкершілік шеңбері қажет. Бұл лауазымдар өзара салыстырылады, нәтижесінде «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты іске қосылады», – деп түсіндірді директор.

Жарқын Тілеукенов айтуынша, сараланған еңбеақы жүйесі 2018 жылдан бері ілкі жоба ретінде қолға алынып, тиімділігін дәлелдепті.

«Бүгінде «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты бойынша бөлу жобасы әзірленді. Енді лауазымдарды блоктар бойынша бөлу әдістемесі жасалып жатыр. Яғни, маманның лауазымы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қаншалықты әсер ететітіні сараланады. Стратегиялық лауазымдар блогы болады, одан бөлек мемлекеттік органның қызметін техникалық тұрғыда сүйемелдейтін лауазымдар бар. Осы блоктардың қайсысында жұмыс істегеніне қарай еңбекақы мөлшері сараланып белгіленеді.

Жалақының номиналды мәні бойынша есеп айырысуды қазір уәкілетті органдар жүзеге асырады.

«Негізгі күш ауылдық және аудандық деңгейдегі қызметкерлердің еңбекақысындағы алшақтықты қысқартуға салынады. Жалпы жүйе бойынша алсақ, алдын ала болжанып отырған өсім 150-ден 30% дейін», – деді Жарқын Тілеукенов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»