8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2019 1971 0
Өзек

«Қазақстанда бензин бағасы өспеуі тиіс»

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) нарық аясында Қазақстанның ішінде жанар-жағармай бағасының өсіміне жол бермеу керектігін айтты. Бұл туралы ол Сенатта ЕАЭО-дағы Қазақстанның сауда саясатын іске асыру мәселелері туралы Үкімет сағатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет бизнес қоғамдастығы өкілдерінің назарын Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығын қалыптастыру барысында ашылатын мүмкіндіктерге аударуы қажет. Атап айтқанда, алдағы уақытта құрылатын Еуразиялық экономикалық одақтың электр энергетикалық нарығының аясында Қазақстан отандық электр энергетикасы саласының экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып отыр. 2025 жылға қарай Одақ аясында газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы қалыптасады. Осы бағытқа ерекше мән беріп қарағанымыз жөн. Біз ішкі нарықта жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағасының өсуіне жол бермеуге тиіспіз», – деп атап өтті Сенат төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО аясында қазақстандық тауарлардың транзиті мен тасымалдануын жеңілдету үшін, сондай-ақ Одақ елдеріндегі серіктестермен байланыстарды дамыту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі Цифрлық күн тәртібінің аясында цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру өте маңызды. «Бірыңғай цифрлық кеңістікті дамыту шаралары экономикалық тұрғыдан нақты нәтижелер беруі тиіс. Осы тұста Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру жөніндегі Қазақстанның маңызды бастамасын атап өту қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ДЕРЕККӨЗ: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
14 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
23 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
92 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»