8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2021 1687 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫНБАЙДЫ

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында балаларға вакцина қашан салынады деген сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, елімізде коронавирусқа қарсы салынып жатқан вакцинаның барлығы 18 жастан асқандарға арналған.

«Балаларға вакцина салынады екен деген қауесет халықты үрейлендіріп жатыр. Вакцинаның балаларға салынатынын растайтын ешқандай ресми құжат жоқ. Сондықтан мұндай аңыз ақпаратты таратуды доғару керек. Оның барлығы халықты алаңдату мақсатында жасалып жатыр деп ойлаймын. Елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салу мәселесі қаралмаған», – деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, жыл басынан бері бір жасқа толмаған 1180 нәресте коронавирус жұқтырған.

«Ал шілде айының екі аптасында 185 нәресте ауырған. Оларға ата-анасынан, яғни отбасында жұғып жатыр. Бір жасқа толмаған нәрестелер қай жері ауырып тұрғанын айта алмайды. Сондықтан оларды қорғау керек. Оның үстіне 18 жасқа толмаған балалар арасында да аурушаңдық өсіп барады. Былтыр 280 оқушы ауырса, биыл 5 мыңға жетті. Сондықтан қауіпсіздік шараларын ұстануымыз керек», – деді Жандарбек Бекшин.

https://stan.kz/kazakstanda-balalarga-koronaviruska-karsi-vakcina-salin-349455/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
145 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
387 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»