Қазақстанда Армениядан жеткізілген көліктерді ТІРКЕУ МЕРЗІМІ ҰЗАРДЫ
Қазақстандықтар Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген және тіркеу шарттары дұрыс 20 мыңнан аса көлік есепке қойылған. Көлігін тіркей алмаған мыңнан аса жүргізуші де бар. Мұның бірқатар себебі аталды.
«Күрделі эпидемиологиялық жағдай мен карантин шектеулерінің ұзаққа созылуына байланысты енгізілген мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулерінен автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындады. Кейбір автокөлік иесі де карантинге байланысты қайта жабдықталған автокөлігін зертханаларда уақытылы сынақтан өткізе алмады, себебі олар кей өңірде жұмыс істемейді», – делінген Қазақстан ІІМ хабарламасында.
Бұдан басқа, Қазақстанда тіркеуден өткен осындай автомобиль иелерін Арменияда салықтан босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтіп жатыр.
Бұл шаралар автокөлік иелері үшін (Армения мен Қазақстанда) «екі рет» салық төлеуден босатуға бағытталған.
Еске салайық, 2020 жылдың қаңтарында ІІМ Ресей, Қырғызстан, Арменияда есепте тұрған автомобильдерді тіркеу керегін мәлімдеді. Талап орындалмаған жағдайда бұл көліктер айыппұл тұрағына эвакуацияланып, содан кейін елден толығымен шығарылады.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанға Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік жеткізілген.
2020 жылдың тамызында әлі кем дегенде үш мың армян көлігі тіркеуден өтпегені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу