8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2018 2415 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ: туристік маршруттар бірлесе жүзеге асырылады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.  Екі елдің туристік қатынастарын нығайтуға мүмкіндік беретін форум жұмысына Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов бастаған өңіріміздің делегациясы да қатысты.

Форумның алғашқы күні «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» көрмесімен басталып, туризм саласындағы соңғы технологиялар, көрсетілді. Орал өңірінің табиғи ерекшеліктері мен тарихи-мәдени құндылықтары да аталмыш көрмеде көпшілікке паш етілді.  

Форум аясында қос елдегі туризмнің түрлі салаларын қамтитын 30-ға жуық өңіраралық әрі коммерциялық келісімге қол қойылды. Қос тарап Қазақстан мен Ресей шекаралық өңірлерінде жүзден аса туристік маршрутты бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.

Мамандардың айтуынша, екі ел арасындағы ықтимал әріптестіктің соны саласы – балалар мен жасөспірімдер туризмі. Батыс Қазақстан облысы бұл бағытта Ресейдің көршілес облыстарымен орнатылған екіжақты әріптестікті мейлінше нығайтуға, сонымен қатар салаға тың серпін беретін жаңа тәсілдер мен үрдістерді батыл енгізуге баса назар аударып келеді. Өңіраралық форум аясындағы көрмеде Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы мен Татарстан Республикасының туризмді дамыту мемлекеттік комитеті арасында екіжақты әріптестік туралы келісімге қол қойылуы бұған айқын дәлел. Осы орайда Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ТМД елдері арасында үздік үштікке еніп, «ЮНЕСКО клубы» мәртебесіне ие болғанын айта кеткен жөн.  Қазан қаласынан келген делегацияны Ақжайық өңіріндегі балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту тәжірибесі мен іскерлік байланыс орнату мәселесі ерекше қызықтырып отыр.

Батыс Қазақстан облысын көрмеде Бөкей ордасы тарихи-музей кешені мен «БҚО балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» таныстырып, облыста су туризмін, балалар туризмін және өлке туризмін дамыту мүмкіндіктерін ұсынды.

Қазақстан мен Ресейдің келесі өңіраралық форумы Ресейдің Омбы қаласында өтеді.

суреттер http://www.akorda.kz сайтынан алынды

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
133 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
140 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
265 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
532 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
583 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
652 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»