8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2025 707 0
Қалалықтар қаперіне

Автобустарды тексерді

Жаңа оқу жылының басталуына орай Орал қаласы Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері оқушыларды тасымалдауға арналған мектеп автобустарының техникалық жағдайын тексерді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және мектеп көліктерінің белгіленген талаптарға сай болуын бақылау. Тексеру барысында: автобустардың техникалық жарамдылығы, жүргізушілердің тиісті құжаттарының болуы, қауіпсіздік белдіктерінің бар-жоғы, өрт сөндіру құралдарының дайындық деңгейі жіті назарға алынды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мектеп әкімшіліктері мен автобус жүргізушілеріне оқушыларды тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды. Әсіресе, жолаушыларды мінгізу және түсіру кезінде аса мұқият болуды ескертті.
«Жайық ҮНІ»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
79 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
281 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
273 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»