АУЫЗ СУ КЕСТЕГЕ САЙ БЕРІЛЕДІ
«Батыс су арнасы» ЖШС жаз кезінде суды максималды тұтыну уақытына ауыз суды беру кесте бойынша жүргізілетіні туралы хабарлады.

Аталған шараны енгізу ауа температурасының жоғарылауынан туындаған суды пайдалану шығынының ұлғаюымен шартталады, бұл өз кезегінде резервуарлардағы су қорының ең төменгі сыни көлеміне дейін төмендеуіне және барлық қала, сонымен қоса Зачаганск кенті бойынша су құбырындағы су қысымының төмендеуіне әкеледі.
Қалыптасқан жағдайға байланысты жазғы кезеңде судың тоқтауына жол бермеу және қала тұрғындарын сумен қамтуды оңтайландыру мақсатында Су тазалау құрылыстары (СТҚ), Жерасты сутартқысы (ЖАС), №20 көтергіш сорғы стансасының (К/гіш СС) сорғы стансаларына жұмыс кестесі енгізіледі.
Суды максималды тұтыну уақытына Орал қаласында сумен қамту жүйесіне ауыз суды беру кестесі
Су тазалау құрылыстары:
Күндізгі уақыт
07:00 – 09:00 – үздіксіз сумен қамту тәртібіндегі жұмыс;
09:00 – 12:00 – резервуарларды толтыру үшін қысымды төмендету;
12:00 – 14:00 – үздіксіз сумен қамту тәртібіндегі жұмыс;
14:00 – 18:00 – резервуарларды толтыру үшін қысымды төмендету;
18:00 – резервуарлардағы су қоры ең аз рұқсат етілген мәнге төмендегенге дейін – үздіксіз сумен қамту тәртібіндегі жұмыс;
Түнгі уақытта 07:00-ге дейін – резервуарларды толтыру үшін қысымды төмендету.
Жерасты сутартқысы
07:00 – резервуарлардағы су қоры ең аз рұқсат етілген мәнге төмендегенге дейін – үздіксіз сумен қамту тәртібіндегі жұмыс;
Түнгі уақытта 07:00-ге дейін – резервуарларды толтыру үшін қысымды төмендету.
Қалалық желідегі қысым көлемін Орталық диспетчерлік қызмет және Су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану қызметі шешім қабылдау сәтіндегі қалыптасқан жағдайға сәйкес реттейді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу