8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2019 2347 0
Өзек

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП

        Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким 6 ақпан күні ауылшаруашылығы саласы мамандарымен, ардагерлермен жүздесіп, өзекті мәселелерін қаперге алды.

      Жиынды  БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов жүргізді.

Алдымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашев өткен жылы ауылшаруашылығы саласының дамуы жағдайымен таныстырды.

Оның айтуынша, облыста «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» облыста сәтті жүзеге асуда. Бағдарлама аясында былтыр ауылшаруашылығын қолдау мақсатында 13 млрд. теңге қаражат қарастырылған. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы ауылшаруашылығын дамытуға 11 млрд.дан аса кредиттік ресурстар берілген. 2018 жылы 179 мың. тонна  астық, 46 мың. тонна майлы дақыл, 65 мың. тонна картоп, 58 мың. тонна көкөніс және 25 мың. тонна бақша дақылдары жиналған.  Ал мал шаруашылығы саласында  өткен жылдармен салыстырғанда ірі қара мал саны – 5 пайызға, жылқы – 8 пайызға, шошқа – 1 пайызға, құс  – 3 пайызға артқан. Біздің өңіріміз  ақбас тұқымды мүйізді ірі қара, көшім тұқымды жылқы және еділбай қой тұқымдарының отаны саналады. Былтыр таза салмақта ет өндіру өсімі 8 пайызды (93 мың. тонна), сүт – 1 пайызды (235 мың. тонна), жұмыртқа – 6 пайызды (172 млн. дана) құраған. 2400 тоннадан аса ірі қара малының еті, 634 тонна қой еті экспортқа шығарылған.  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде бөлінген 4014 млн. теңге толықтай игерілген. 1037 қарыз алушыға 1144 шағын несие берілсе, оның ішінде 728 қарыз алушы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылған. Сондай-ақ 799 адам бизнес бастауға несие алып, 1349 тұрақты жұмыс орны ашылған. Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 4 ірі кәсіпорын «Кублей» ЖШС, «Желаевский КХП» АҚ, «Теректі май» ЖШС, «DMD PRODUCTION» ЖШС пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы басқарманың алдында қойған жоспарларлары нақты мен міндеттері айқын. Дәнді дақылдар алқабын  265 мың. гектарға жеткізу, соның ішінде бидай алқабын 160,0 мың. гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Сол секілді майлы дақылдар алаңы 64,8 мың. гектарды құрауы тиіс. Ал картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының алаңын 10 мың. гектарға жеткізу жоспарланған. Ірі қара малын 590 мың. басқа, қойды – 1155 мың. басқ, жылқыны 190 мың., құсты 1511 мың. басқа көбейту мақсаты тұр. Бұдан соң сөз алған облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Серікқали Бадеевтың мәлімдеуінше,  өсімдіктерді қорғау саласында өткен жылы шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу бойынша «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі филиалымен 5,0 млн. гектар алаңға зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ екіжақты келісімдер негізінде көршілес Ресей мемлекетінің шекаралық аумақтарында «Россельхозцентр» мамандарымен бірлескен зерттеулер жасалыпты.  Бірақ, шекарада фитосанитарлық жағдай қалыпты болған. Былтыр облыс аумағында республикалық бюджет есебінен химиялық өңдеулер итальяндық тарақандарға қарсы  176 710 гектар аумаққа химиялық өңдеулер жүргізілген. Сол секілді жергілікті бюджет есебінен саяқ шегірткеге қарсы 52 мың. гектар аумақ химиялық жолмен өңделген.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким облыстық ауылшаруашылығы басқармасына бұдан бұрын да талай мәрте келіп, сала мамандарының мәселелеріне құлақ түріп жүргенін тілге тиек етті.  – Ауылшаруашылығы саласында күрделі мәселелер көп екенін білемін. Мені, әсіресе ауылдық жерлерде орын алып жатқан мәселелер ойландырады. Осы орайда сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз маңызды.  Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің алқабын ұлғайту, мал басын көбейту бойынша жоспарларыңыз көңілімнен шықты. Бұлай жасауға бізде барлық жағдай бар. Таяу үш жылда елімізде ірі қара малының санын 30 млн.ға дейін жеткізу жоспары тұр. Статистикаға сүйенсек, соңғы бес жылда ірі қара мал басы саны 900-1000 басқа өскен. Қалған үш жылда 15 млн. ға жеткізу үлкен сұрақ тудырып отыр. Мамандар бұл жағдайға күмәнмен қарайды. Бүгін ауылшаруашылығы машиналарының паркі моральдық-физикалық жағынан әбден тозығы жеткен. Олар шикізатты қалай шығарады? Екіншіден, шамамен бізде 180 млн. гектар жайылым бар.  Оның 80 млн. гектарын ғана пайдаланып жүрміз. Статистика шамамен осылай дейді. Ең жақсы жайылымдар ауыл тұрғындарында. Қаншама мемлекеттік бағдарламалар шықты. Ірі қара малын экспортқа шығаруда ілгерілеушілік жоқ. Жоспарға сай, 60 млн. ет пен ет өнімдерін экспортқа шығаруымыз керек болса, біз тек 10 млн. ет өнімін ғана экспортқа шығаруға қауқарлы болдық, – деген ҚР Мәжіліс депутаты барлық ел өз тауарөндірушілерін қорғап, ішкі нарыққа шығаруды көздейтінін жеткізді. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты заңсыз киіктерді атқан браконьерлерге қатысты мәселе де  депутаттар тарапынан көтеріліп жатқанын жеткізді. Осы орайда батыс өңірі бірінші орында екен. Өңірімізде заңсыз оққа ұшқан 700 киік тәркіленген. Жиында аграрлық сала мамандары ауылшаруашылығы саласындағы шешімін таппай жүрген мәселелерді депутаттың қаперіне салды. Мәселен, сала мамандары  ауылшаруашылығы саласын қолдауды кешенді қайта құруды ұсынды. Мемлекеттік бағдардамалар өте тиімді болғанымен, шаруалар әлі күнге тиімді жолдарын таппай отыр. Асыл тұқымды мал басын субсидия мәселесі де қиындық тудыруда. Сұрақ көп, жауап аз. Шаруалардың жайына тереңірек үңілу қажет.

Депутат Роман Ухенұлы бұл күні көтерілген мәселелерді құзырлы органдардың құлағына жеткізетінін айтып, уәде етті.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
47 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
265 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
756 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1133 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1065 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1493 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2109 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2276 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2283 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2331 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2337 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1980 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2816 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2873 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2866 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3476 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3448 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3434 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3412 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3622 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»