Ауруханаға жатқызу: қалай емделу қажет
Аурухағаға жоспарлы жатқызу – созылмалы ауруға шалдыққан пациенттерді адам өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда дәрігер жолдамасы бойынша стационарда емдеу. Ауруханаға шұғыл түрде жатқызу – пациент өміріне қауіп төндіретін, кезек күттірмейтін жағдайларда стационарда емдеу.

Емханадағы дәрігеріңізге барыңыз, дәрігер сізді қарап, ауруханаға жатып емделу қажеттігін растау мақсатында бірқатар тексерулерден өтуге жібереді. Тексеруден өтіңіз, жолдаманы рәсімдеңіз және де емделетін медицина ұйымын дәрігермен бірге таңдауыңызға болады. Ауруханаға жатқызу туралы өтінішті тіркеңіз, сіз туралы мәліметтер «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына тіркеледі. Көптеген жағдайда ауруханаға жатқызатын күн автоматты түрде белгіленеді.
Онкологиялық, психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, жұқпалы аурулар ауруханасы сынды мамандандырылған клиникаларға жатқызатын күн стационар қызметкерлерімен бірге белгіленеді.
Ауруханаға жатқызу талонын алыңыз. Сізге коды бар талон беріледі. Кодты https//bg.eisz.kz сайтына тіркеп, кезекті қадағалауыңызға болады. Ауруханаға жатқанға дейін дәрігердің нұсқауларын орындаңыз. Ауруханаға жататын күні келесі құжаттарды ала баруды ұмытпаңыз:
- жеке куәлік;
- ауруханаға жатқызу талоны;
- диагностикалық зерттеулер қорытындысы;
- ауруханаға жатқызу туралы жолдама.
Егер сіз басқа қаладағы ауруханада жатып емделетін болсаңыз, ертерек билет сатып алуды ұмытпаңыз. Ауруханаға жатқызуға кедергі келтіретін жағдайлар туындаса, ол туралы дәрігерге ескертуді ұмытпаңыз, әйтпесе, ауруханаға жатқызу туралы өтніштің күші жойылуы мүмкін.
Сізді ауруханаға жатқызудан бас тартуға қандай жағдайлар себепкер болуы мүмкін?
1.Егер пациент ауруханаға жатқанға дейін қажетті тексерулерден толық өтпеген жағдайда, тиісті тексерулерден қосымша өту керек;
- Егер пациентте жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілімдер болса, мысалы, респираторлық вирустық инфекцияға шалдықсаныз, кейін қайта бару қажет;
- Егер пациентке стационарлық көмек көрсету қажеттігін растайтын көрсетілімдер болмаған жағдайда.
МӘМС КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу