«Ауруды ұзақ емдеуге тура келеді»: Шымкентте белгісіз вирус тарады
Шымкент тұрғындары арасында белгісіз вирус тарады. Ауырғандар арасында ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен, тамақтары ауырмайды және температура көтерілмеген. Керісінше жөтел қысып, ентігу пайда болған, әрі буын ауруына шағымданған.
Шынар Оразова соңғы айда осымен екінші рет ауырған. Әйелдің сөзінше, суық су ішпеген, суықта жүрмеген. Алайда екі рет те ауру белгілері бірдей болған.
«Бастапқыда мұрын көгеріп тұрды, кейін тамағыма ауысты. Ақылы медициналық орталыққа бардым. Ол жақта маған ЖРВИ екенін айтып, дәрі-дәрмек жазып берді. Қазір емделіп жатырмын», – дейді Шымкент тұрғыны.
Осындай ауру белгілеріне жүздеген қала тұрғыны шағымданған. Мамандар вирустың жұқпалы екенін айтады. Тек ақпан мен наурыз айларында 7 962 ЖРВИ жұқтыру дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе еге көп дейді дәрігерлер.
«ЖРВИ жұқтырғандардың 72,5% 14 жасқа толмаған балалар. 2021 жылы күзінен 2022 жылдың көктеміне дейін тұмаудың 16 жағдайы тіркелді, олардың 6-ы балалар», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жанар Жақсылықова.
Шымкенттіктер ауруды ұзақ емдеуге тура келетін айтады. Дәрігерлер мұның ковид салдары болуы мүмкін екенін, яғни иммунитеттің әлсірегенін алға тартты.
«Бізде коронавирус инфекциясы кезінде бірінші кезекте ересектер мен егде жастағылар ауырды. 60-65 жастан асқан азаматтарда иммундық процесстер төмендейді», – дейді дәрігер-инфекционист Зарипа Оспанова.
Stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу