Қауіпті олжа
БҚО Бөрлі ауданында тұрғын үйдің жертөлесінде снаряд табылды. Қауіпті олжа елді мекеннен алысқа әкетілді. Снаряд жертөледе қалай табылғанын анықтау мүмкін болмады.
Оқиға 7 қазанда сағат 11.30 шамасында Бөрлі ауданының Пб-не Бөрлі ауылындағы үйінің жертөлесінде снаряд табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт Бөрлі ауданының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Снарядты аталған үйдің тұрғыны тапты, ол үйден қажет емес заттарды жертөлеге апармақ болған. Кейін осы қауіпті снарядқа көзі түскен. Аталған оқиғаға БҚО ПД жедел жасағы келіп, снарядты қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін, Бөрлі ауданынан 4 шақырым жерде комиссия құрамында бұл снаряд жойылды.
Айнара ИСА
Версия для печати
Пікір үстеу