АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫС ҚАРАЛДЫ
18 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің және Шыңғырлау ауданының әкімі Е.Р.Тұрмағамбетовтің қатысуымен Шыңғырлау ауданының әкімдігінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Аталған кездесу барысында ауданның білім беру саласында орын алған аяқталған қылмыстық істер бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына әкелетін жағдайларды болдырмау мақсатында жолданған ұсыныстар қаралып, өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі туралы ақпарат айтылды.
Н.И.Самет өз сөзінде «2019 жылы Шыңғырлау ауданында 3 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелді. Олардың барлығы аудандық Білім беру бөлімінің басшысы Сапаровпен жасалған. Аталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тіркелуіне атқарылған жұмыстарды қабылдауға арналған арнайы алқалы органдардың (комиссиялардың) болмауынан Сапаров атқарылған жұмыстардың актілеріге өзі қол қойып отырған» – деп атап өтті.
Шара барысында жергілікті атқарушы органдары қызметінде транспаренттілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар өткізу ұсынылды.
Сонымен қатар, Н.И.Самет және «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу