8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2022 1362 0
Қалалықтар қаперіне

Атыс қаруларына сыйақы төленеді

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап республика аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу  бойынша кезекті акция  өткізіледі. Заңсыз сақталған атыс қаруларын  ерікті түрде тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді. Осы мақсатта республика бюджетінен шаһарымызға  1 млн. 951 мың теңге бөлінді. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескеріп, 3 санатты қолданады.  

1 – санатқа пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару жатады. Сол секілді бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.

2 – санатқа жатқызылатын қару. Пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу жолымен жоюды талап етпейтін, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.

Атыс қаруларының атаулары 1-санатты 2-санатты 3-санатты
автоматты ойық ұңғылы қарулар үшін жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде 306 300тенге

 

214 410 тенге

 

91 890 тенге

 

ұзын ойық ұңғылы атыс қаруы (винтовка, карбиндер) үшін елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде 153150 тенге

 

 

 107 205 тенге

 

 

45 945 тенге

 

 

қысқа ойық ұңғылы (тапанша, револьвер) атыс қаруы үшін қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде 122 520тенге

 

 

 85764 тенге

 

 

36 756  тенге

 

 

тегіс ұңғылы атыс қаруы үшін отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде  91 890 тенге

 

64 323 тенге

 

27 567 тенге

 

жарақат салу тапаншасы немесе револьвер үшін он айлық есептік көрсеткіш көлемінде  30630 тенге

 

 

 21 441 тенге

 

 

 9189 тенге

 

 

 

Ерікті түрде оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарын тапсырған кезде келесі сыйақы мөлшері белгіленеді. Олар: гранат, мина, жарылғыш құрылғылары және артиллериялық снарядтар үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (21441 теңге);

Әрбір 1000 грамм жарылғыш заты үшін алты айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (18378 теңге);  Тапсырылған ойық қару патрондарына төленетін сыйақы сомасы:         калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін (87,51 теңге) сыйақы. Калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін  (26,63 теңге) сыйақы беріледі.

Ал  криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып табылмаған;  ҚР ІІМ-нің АБДБ-да «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға, қолдан жасалған оқ-дәріге,  тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға арналған патрондарға сыйақы берілмейді.

 

 

ПБ Әкімшілік полиция бөлімі

Орал қ.

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
121 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
368 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»