АТЫРАУ-ОРАЛ ТАС ЖОЛЫНДА ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ
Зардап шеккен төрт адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген.
БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуір күні кешкі сағат 19.20 шамасында Ақжайық ауданы Тналиев ауылы тұсында Фольксваген Поло және Тойота Камри автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы зардап шеккендерге медициналық апат орталығының аудандық қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспсөз қызметі мәлім еткендей, ауруханаға жеткізілген 1972 жылғы ер азаматқа мидың шайқалуы диагнозы қойлыған. Басы және тізесі жарақаттанған. Ол Ақжайық аудандық ауруханасына жатқызылды. 1983 жылғы ер адам да ашық бас-ми жарақатын алған – маңдай сүйегі сынған. Ол да ауруханаға жатқызылды.
1980 жылғы әйел кеудесінен соққы алған. 1989 жылғы азаматтың басының жұмсақ тіні, маңдайы жарақаттанған. Олар амбулаториялық емге жолданды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
сурет БҚО ТЖД баспасөз қызметінен алынды
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу