ҚАТЕЛІК КІМНЕН?
Оралда жол апатынан қаза тапқан 10 жасар қыздың сүйегін мәйітханада шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген. Батыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары орталығының директоры Олжас Дүйсенбаев оқиға болған күні жұмыста болған санитарды жұмыстан шығарып, екі қызметкерге қатаң сөгіс бергенін мәлімдеді.

Айару Ермектің әкесі Асылхан Қазиев мәйітханаға қызының сүйегін алуға 21 қараша күні сағат 17.00 шамасында барған. Мәйітхана қызметкерлері қыздың сүйегін Бөкей ордасы ауданынан келіп, алып кеткенін мәлімдейді. Жығылғанға жұдырық бұл жаңалық еңсесі онсызда түскен отбасын одан әрі есеңгіретіп жіберген. Бұл туралы жергілікті блогер Айболат Бөкеновтың фейсбук парақшасындағы жазбада жарияланды. Мәселенің мән-жайын білмек ниетте сот сараптамалары орталығының есігін қақтық. Директор өз қызметкерлерінің салғырттығын жасыра алмады.
Қаза тапқан Айару Ермек – Бөкей ордасы ауданынан шыққан елге танымал, өнерлі әулеттен. Атасы Ермек, әкесі Асылхан Қазиевтер – белгілі домбырашылар, анасы Әсел Дәулетова – «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі. Айарудың өзі де бимен, гимнастика, каратэмен айналысқан, талабы зор бүлдіршін болған. Осы орайда облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстың кезекті сессиясында әулет мүшелеріне көңіл айтты. Қала көшелерін жарықтандыру ісінде кеткен кемшіліктер үшін Орал қаласының әкімі Абат Шынбековке сөгіс берілді.

Еске сала кетейік, 20 қараша күні кешкі сағат 20.45-те «Бәйтерек» шағынауданындағы Нұр көшесінде белгісіз жүргізуші 2009 жылғы қыз баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Өкінішке орай, 10 жасар қыз бала жедел жәрдем қызметі жеткенше, көз жұмған. БҚО Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары арқылы автокөлік анықталып, күдікті ұсталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу