8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Наурыз 2019 4770 0
Қалалықтар қаперіне

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Атаулы әлеуметтік көмектің төленуі және 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін АӘК тағайындаудағы өзгерістерді түсіндірді. Брифингке БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлқаев, орынбасары Ділдәш Ысқақова қатысты.  

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Қолданыстағы ереже бойынша атаулы әлеуметтік көмек әр жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен  азаматтарға  тағайындалады. (2019 жылы кедейлік шегі – 14 849 теңгені құрайды немесе күнкөріс деңгейінің 50%. Ең төмен күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге).

Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа табысымен аймақтарда белгіленген кедейлік шегінің айырмасы арқылы белгіленеді.

Кедейлік шегі – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.

Ең төмен күнкөріс деңгейі – құрамына адамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түліктің, тауарлар мен қызметтердің минималды жиынтығы кіретін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің заттай және бағалық құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. (2019 жылдың 1 қаңтарынан ең төмен күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге)

Жан басына шаққандағы орташа табыс – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы,отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік қолдау шаралары аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларынан басқа барлық табыс көздері кіреді.

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты атаулы әлеуметтік көмек  шартты және шартсыз болып екі түрге  бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Мұндай аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы (әлеуметтік келісімшарт 6 айға жасалады, қосымша тағы 6 айға созу мүмкіншілігімен).

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе  селолық, ауылдық округ әкімдеріне жолығады.

 

2019 жылдың 1 шілдесінен АӘК тағайындауға өзгерістер енгізіледі

«Нұр Отан» партиясының XVIII кезекті  съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев – халықтың аз қамтылған осал топтарының табыстарын арттыру мен әл-ауқатын жақсарту партияның басты міндеті деп атап өткен болатын. Сондықтан бірінші кезекте табысы төмен көп балалы отбасыларға айырықша  көңіл  бөлінетін  болады.

– Елбасы тапсырмасына орай атаулы әлеуметтік көмек  төлеудің жаңа тәртібі өзегереді. Біріншіден, аз қамтылған отбасыларды, әсіресе көп балалы отбасыларды қамту аясын кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемдері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-ға дейін көтеріледі. (14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге). Екіншіден, аз қамтылған отбасылардың балаларына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төленетін болады. Ал ата-анасына кедейлік шегімен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысының айырмасы төленеді.  Үшіншіден, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа», «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балалардың  мүгедектігіне берілетін жәрдемақылар және стипендиялар алынып тасталады. Төртіншіден, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімі жеңілдетіліп, сұратылатын құжаттар «е-Халық» ақпараттандырылған   жүйесі   арқылы   жүзеге   асырылатын   болады. Кейбір мәліметтер жоқ болса, ата-ананың келуінің керегі жоқ. Жергілікті жердегі жұмыспен тамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жасап, өздеріне тиісті мәліметтерді алады. Өтініш беруші жеке басын куәландыру үшін тек жеке куәлігін ғана көрсететін болады. Мысалы, 60 000  мың  теңге  кірісі  бар  4  балалы  толық  отбасы 1 шілдеге дейін ай сайын 29 094 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек  алып  келсе, 1 шілдеден  бастап  ол  75  640 теңгеге көбейіп, 104 734 теңгені құрайды. Ал қосымша төлемдерді есептегенде бұл отбасының жалпы табысы  айына 164 734 теңге  болады. Тағы бір мысал, 2 баласы бар толық  отбасын алайық. Отбасының  кірісі – 40 000 тенге  болған  жағдайда, 1 шілдеге  дейін бұл  отбасы  ай  сайын 19 396  теңге  көлемінде  атаулы  әлеуметтік көмек алып келсе, 1 шілдеден бастап  бұл отбасы  бір айға 63 156 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алатын болады. Бұл отбасының бір айлық жалпы табысы 103 156 теңгені құрайды, – деп түсіндірді Ділдәш Ысқақова.

Басқарма басшысының мәліметінше, 2018 жылы облыс бойынша 3 556 отбасы Атаулы  әлеуметтік  көмек (АӘК)  алған. Бұл 544 көп балалы отбасыларын қамтып, барлығы 16 796 адамға, соныңғ ішінде 9 432 балаға,  728,2 млн. теңге төленген.  3 979 отбасына 107,8 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілсе, 456 отбасындағы үйде оқитын мүгедек балаларға 39,5 млн. теңге жәрдемақы берілген. Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген  санаттарына 837,8 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілген. Бұл санат бойынша 29 956 адам көмек алған.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері
Қәзіргі АӘК төлеу тәсілі 2019 жылдың 1 шілдесінен
егерде              Төлемдер
Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен болса АӘК тағайындалады Балаларға (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге төленетін болады.
Кедейшілік шегі – жан басына шаққандағы орташа табыс 20 789 тенге х4=83 156 тенге
Жан басына шаққандағы орташа табыс = 10 000 теңге, КШ = 14 849 теңге

Айырмасы = 4 849 теңге отбасының әрбір мүшесіне

Ата-аналарына: кедейшілік шегі – жан басына шаққандағы орташа табыс

20 789 – 10 000 =10 789 х 2 = 21 578 теңге

АӘК = 4 849 х 6 = 29 094 теңге бір айға АӘК = балаларының төлемі + ата-аналарының төлемі (104 734 теңге)
Отбасының бір айлық  жалпы табысы  89 094 теңге. Отбасының бір айлық жалпы табысы  164 734 теңге.

 

 

 

 

Отбасында 2 баласы бар толық отбасы. Отбасының табысы 40 000 теңге.

 

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері
Қәзіргі АӘК төлеу тәсілі 2019 жылдың 1 шілдесінен
Жан басына шаққандағы орташа табысы:

40 000 теңге /4=10 000 теңге отбасының әрбір мүшесіне

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен, АӘК тағайындалады. Балаларға (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге төленетін болады.
Кедейшілік шегі – жан басына шаққандағы орташа табыс 20 789 теңге х 2 = 41 578  теңге
 Жан басына шаққандағы орташа табыс = 10 000 теңге, КШ = 14 849 теңге

Айырмасы=4 849 теңге отбасының әрбір мүшесіне

Ата-аналарына: кедейшілік шегі – жан басына шаққандағы орташа табыс

20 789 – 10 000 = 10 789 х 2=21 578 теңге

АӘК = 4 849 х 4 = 19 396 теңге бір айға АӘК = балаларының төлемі + ата-аналарының  төлемі  (63 156 теңге)
Отбасының бір айлық жалпы табысы  59 396 теңге. Отбасының бір айлық жалпы табысы  103 156  теңге.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
111 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
332 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1195 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1112 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1555 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2170 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2338 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2344 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2397 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2879 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2932 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2928 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3538 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3510 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3496 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3475 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3636 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»