АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТАБЫСЫНА ӘСЕР ЕТТІ

2018 жылдың IV тоқсанының соңында адам басына шаққандағы халықтың ақшалай кірісі 164,7 мың теңгені құрап, 2017 жылдан 11,3% өскен. Сонымен бірге, шығындар да өсіп, IV тоқсанның аяғында 163,2 мың теңге болған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,1% артық. Адам басына шаққандағы табыс шығыннан 1,5 мың теңгеге ғана артық болған. 2017 жылы айырма 2,4 мың теңгені құраған. Шығындардың ұлғаюына салықтың, төлемдердің және т.б. төлемақылардың (+13,2%) және несие мен қарыз төлеуге жұмсалатын қаражаттың өсуі (+16% ) ықпал еткен. 2018 жылдың IV тоқсанының соңында халықтың шығыстары құрылымында тұтынушылық шығындар ең үлкен үлеске ие болған – 93,4% немесе 152,4 мың теңге. Несие мен қарыздарды өтеуге жұмсалатын шығындар 3,8% (6,2 мың теңге). Еске салайық, 2019 жылдың соңында жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша кешіктірілген қарыздар 0,5%, 382,1 млн теңгеге дейін азайған. Ақшалай табыстың 11,3% өсуіне атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегі (+33,3%) және зейнетақыдан түскен табыс (+25,1%) ықпал еткен. 2018 жылдың аяғында бір жұмыскердің айлық орташа жалақысы бір жылда 7,5% өскен. Екінші орында зейнетақы тұр: 31 мың теңге. Табыстардың көлемі бойынша үштікті туыстардан, таныстар мен алименттен түскен материалдық көмек тұйықтап тұр: 4,7 мың теңге (+6,6%).
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу