АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Демалыс күндері балалар үйде өздері ғана қалатыны белгілі. Балалармен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ата-аналар балаларының бос уақытында немен айналысатынын міндетті түрде бақылауда ұстауы керек. Сондықтан ескеруі қажет ережелер бар.

Бірінші, кезекте әр ата-ана баласына қысылтаяң жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін үйретуі керек. Үнемі тексеріңіз, шағын емтихан жасаған да жөн. Қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындаңыз. Өз балаларыңызға үлгі болыңыз.
Екіншіден, үйдегі көрнекі жерге барлық қажетті шұғыл телефондардың тізімін іліп қоюды алдын ала ойластырыңыз. Балаңыздың үйіңіздің мекенжайын білетініне көз жеткізіңіз.
Үшіншіден, балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін жиі есіне салыңыз.
Төртіншіден, балаларды тұрмыстық электр құралдарын дұрыс пайдалануға үйретіңіз.
Бесіншіден, баланы белгілі бір уақытқа тастап кетпес бұрын сіріңкенің жасырылғанын, газ бен электр құралдарының өшірілгенін тексеріңіз.
Есіңізде болсын өз балаңыздың өміріне Сіз ғана жауап бересіз!
Төтенше жағдай туындаған жағдайда ол туралы жедел түрде құтқару қызметінің «112»ұялы телефонына хабарлау қажет. БҚО ТЖ департаментіндегі дағдарыс жағдайында басқарудың жедел кезекшілігі тәулік бойы жұмыс жасайды: 51-42-22.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу