АТ СПОРТЫНА БАУЛИТЫН БӨЛІМ АШЫЛДЫ
Бүгін Орал қаласында қос бірдей спорт кешені ашылды. Оның бірі – «Қазақ күресі және жекпе-жек орталығы» болса, екіншісі – «Орал» спорт клубының ат спорты түрлері бойынша бөлімі. «Құс фабрикасы» ауданында орналасқан жасөспірімдерді ұлттық ат спортына баулу мақсатындағы аталмыш бөлімді қалалық әкімдік «Ишанов» жеке кәсіпкерлігімен бірлесіп ашқан болатын.

Ат спортына құштар өрендерді ұлттық спорттың төрт түрінен жаттықтыратын кешеннің ашылу салтанатында сөз алған БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов: – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында ең алдымен атқа міну мәдениетіне басымдық береді. Қазақ халқы қашан да «Ат – ердің қанаты» деп, жылқы малын ерекше бағалаған. Көптен жоспарланып жүрген осындай ат спорты түрлері бөлімі бүгін жұмысына кіріскелі тұр. Жеке кәсіпкер Ақылбек Ишанов өз иелігіндегі бұл жерге бірнеше жыл бұрын жеке кәсібін бастаған болатын. Енді осы орталықты мемлекеттің қолдауымен осындай кешеннің базасы ретінде пайдаланғалы тұрмыз. 300 мыңдай тұрғыны бар облыс орталығында «Ат спорты түрлері бойынша бөлімнің» ашылуы – біз үшін үлкен мүмкіндік, – деді.
Қазақ күресі ассоциациясының басқарушы директоры Ербол Мырзабосынов атқа мінген қазақ балаларының рухы асқақ боларына сенім білдірді. «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы Мұсағали Тасқалиев еліміздегі бірегей спорт кешенінен шыққан чемпиондарды аталмыш басылым арқылы насихаттауға уәде берді. Сондай-ақ игі бастаманы жүзеге асырған қала және облыс әкімдігі мен спорт мекемелеріне алғысын білдірді.
Ат спорты түрлері бойынша бөлімнің лентасын қию рәсімі жеке кәсіпкер Ақылбек Миразатұлы мен Бәйтерек ауданы қазақ күресі федерациясының президенті Нұрлыбек Хайруллинге берілді.
Салтанатты іс-шарадан соң қонақтар аударыспақ, жамбы ату, асық атудан спортшылардың көрсетілімін тамашалады. Сонымен бірге кешенді аралап көріп, жылқы шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерліктің және жаңадан ашылған бөлімнің жұмыс барысынан хабардар болды.
Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, қала әкімдігінің қолдауымен ашылған Ат спорты түрлері бойынша бөлімде жасөспірімдер спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату түрлерінен жаттығатын болады. – Біз «Ишанов» жеке кәсіпкерлігімен шарт жасасу арқылы бүгінгідей спорттық базаны жасақтадық. Алдағы уақытта 150 спортшыны дайындап, олардың арасынан Орал қаласының құрама командасын шығаруды жоспарлап отырмыз. Спорттың әр түрі бойынша жаттықтырушылар бекітілді, қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешектер алынды. Ат спорты түрлері бөліміне балалар 7-9 жастап бастап қабылданады, – деді Артур Мұратұлы.
Бұл күні сондай-ақ Оралда «Қазақ күресі және жекпе-жек орталығы» ашылып, мұнда күніне 120 балаға жаттығуға мүмкіндік жасалды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру


Пікір үстеу