8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Сәуір 2021 1431 0
Қоғам

АТ СПОРТЫНА БАУЛИТЫН БӨЛІМ АШЫЛДЫ

Бүгін Орал қаласында қос бірдей спорт кешені ашылды. Оның бірі – «Қазақ күресі және жекпе-жек орталығы» болса, екіншісі – «Орал» спорт клубының ат спорты түрлері бойынша бөлімі. «Құс фабрикасы» ауданында орналасқан жасөспірімдерді ұлттық ат спортына баулу мақсатындағы аталмыш бөлімді қалалық әкімдік «Ишанов» жеке кәсіпкерлігімен бірлесіп ашқан болатын.

Ат спортына құштар өрендерді ұлттық спорттың төрт түрінен жаттықтыратын кешеннің ашылу салтанатында сөз алған БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов: – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында ең алдымен атқа міну мәдениетіне басымдық береді. Қазақ халқы қашан да «Ат – ердің қанаты» деп, жылқы малын ерекше бағалаған. Көптен жоспарланып жүрген осындай ат спорты түрлері бөлімі бүгін жұмысына кіріскелі тұр. Жеке кәсіпкер Ақылбек Ишанов өз иелігіндегі бұл жерге бірнеше жыл бұрын жеке кәсібін бастаған болатын. Енді осы орталықты мемлекеттің қолдауымен осындай кешеннің базасы ретінде пайдаланғалы тұрмыз. 300 мыңдай тұрғыны бар облыс орталығында «Ат спорты түрлері бойынша бөлімнің» ашылуы – біз үшін үлкен мүмкіндік, – деді.
Қазақ күресі ассоциациясының басқарушы директоры Ербол Мырзабосынов атқа мінген қазақ балаларының рухы асқақ боларына сенім білдірді. «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы Мұсағали Тасқалиев еліміздегі бірегей спорт кешенінен шыққан чемпиондарды аталмыш басылым арқылы насихаттауға уәде берді. Сондай-ақ игі бастаманы жүзеге асырған қала және облыс әкімдігі мен спорт мекемелеріне алғысын білдірді.

Ат спорты түрлері бойынша бөлімнің лентасын қию рәсімі жеке кәсіпкер Ақылбек Миразатұлы мен Бәйтерек ауданы қазақ күресі федерациясының президенті Нұрлыбек Хайруллинге берілді.
Салтанатты іс-шарадан соң қонақтар аударыспақ, жамбы ату, асық атудан спортшылардың көрсетілімін тамашалады. Сонымен бірге кешенді аралап көріп, жылқы шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерліктің және жаңадан ашылған бөлімнің жұмыс барысынан хабардар болды.
Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, қала әкімдігінің қолдауымен ашылған Ат спорты түрлері бойынша бөлімде жасөспірімдер спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату түрлерінен жаттығатын болады. – Біз «Ишанов» жеке кәсіпкерлігімен шарт жасасу арқылы бүгінгідей спорттық базаны жасақтадық. Алдағы уақытта 150 спортшыны дайындап, олардың арасынан Орал қаласының құрама командасын шығаруды жоспарлап отырмыз. Спорттың әр түрі бойынша жаттықтырушылар бекітілді, қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешектер алынды. Ат спорты түрлері бөліміне балалар 7-9 жастап бастап қабылданады, – деді Артур Мұратұлы.
Бұл күні сондай-ақ Оралда «Қазақ күресі және жекпе-жек орталығы» ашылып, мұнда күніне 120 балаға жаттығуға мүмкіндік жасалды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
134 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
182 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
471 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
481 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
609 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
909 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1001 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1029 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1240 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1506 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1735 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1773 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1921 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2119 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2341 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»