8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қазан 2021 2458 0
Қоғам

ҒАСЫРДАН ҰЗАҚ ТАРИХЫ БАР КІТАПХАНА

            Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің өзге салаларымен бірге кітапхана жүйесі де ұлтымыздың мол мұрасын сақтауда. Солардың бірі республикамыздағы тарихы бай, көне Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына биыл –  150 жыл. Айтулы мерекеге орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында «Облыстық кітапхана Тәуелсіздік жылдарында» атты жинақтың тұсауы кесіліп, кітапхана ісін дамытуға үлес қосқан жандар  ҚР Мәдениет және спорт министрінің, облыс әкімінің, ҚР Ұлттық кітапханасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

              БҚО Мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсентегі Құралай Арыстанова, Гүлбаршын Бакатова, Қарылға Қазиева, Райхан Ақболатова,  Полина Жасиповаға облыс әкімі Ғали Есқалиевтың және бірқатар кітапханашыларға  ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатын тапсырды.

Бұған дейін облыстық кітапхананың 140 жылдығына орай жарық көрген «Кітапхана  және уақыт» атты кітапта кітапхана тарихы зерделеніп, мәліметтер мен деректер оқырмандар назарына ұсынылған болатын. Атаулы жинақта облыстық кітапхананың  Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай кітапхана ісінің дамуы, қызметтегі жаңашылдықтар, ел тәуелсіздігін тұғырлы етуге, рухани ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға қосқан үлесі туралы баяндалады. Сондай-ақ, ақпараттық жинаққа  кітапхананың Тәуелсіздік жылдарындағы даму кезеңдеріне байланысты ресми құжаттар, жеткен жетістіктері, кітапханашы тұлғалар туралы деректер, кітапхана ісін дамыту бағытындағы қызметтері, мақалалар, баспа өнімдері енген.  

Шара барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры, п.ғ.д, профессор Үмітхан Мұңалбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана директоры, қазақстандық кітапханалық одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова және  жинақтың бас редакторы М.Өтемісов  атындағы БҚУ «Рухани жаңғыру» институтының директоры, п.ғ.д,  профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Абат Қыдыршаев жинақтың тұсаукесер рәсімін жасады.

               Ұлттық кітапханада 7 миллионнан асатын, 123 тілді қамтитын бай қорымыз бар. Сол қордағы ең үлкен мақтанышымыз сирек кітаптар мен қолжазбалар. Қорда XVIII ғасырда жазылған құран бар, – деген Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана директоры, қазақстандық кітапханалық одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы директоры Шолпан Қуанышқызына қасиетті құранды сыйға тартты. Сондай-ақ   ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының және  ҚР Ұлттық кітапханасының алғыс хаттарын иелеріне тапсырды. ҚР  Ұлттық академиялық кітапханасының Алғыс хатымен Абат Қыдыршаев, Үзілдік Елеубаева, Әлима Төлеуғалиева және тағы басқалар марапатталса, Алмагүл Нұрсапина, Роза Мұсағалиева, Светлана Жукина «Қазақстанның құрметті кітапханашысы»,  Динара Шакелова, Исатай Жұмақаев «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерін кеуделеріне тақты. Ал өңіріміздің зиялы қауым өкілдері Айтқали Нәріков, Мира Шүйіншәлиева, Медхат Қамбетов Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасының Алғыс хатын иеленді.

            Өз кезегінде «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова  киелі алтын орда кітапхананың 150 жылдық мерейтойына арнайы Нұр-Сұлтаннан марапат ұсынғалы келгенін тілге тиек етіп, әсіресе кітапханашылар қауымына басын иіп, рахметін жеткізді.

– Айлығы шәйлығына жетпейтін, аз ғана жалақыға жұмыс жасап, адал еңбек етіп келесіздер. Қазақстандағы ғалым да, профессор да, министр де осы қарашаңыраққа келіп, білім нәрін алады,  – деген бірлестік төрағасы  кәсіподақ атынан бірқатар сала мамандарын «Еңбек Даңқы» төсбелгілерімен марапаттады.

Иә, тынымсыз еңбек пен зор ізденісті талап  ететін кітапханашы мамандығының қыр-сырын терең меңгерген майталман мамандар кітапхана тарихын қалыптастыруымен қатар  оны даму сатысына жеткізу жолында өз қолтаңбаларын қалдырып, айтарлықтай үлес қосты. Кітапхананың әр жылдарда жаңашылдыққа ұмтылып, толағай жетістіктерге жетіп, биік белестерден көрінуі ұжымға басшылық еткен тұлғаларға да  тікелей  байланысты екені сөзсіз. Білімі мен біліктілігін елге адал қызмет етуге арнап, кітапхана саласында мағыналы да мәнді  еңбек атқарған Лидия Губанова,  Гүлжан Жұмақаева, Роза Исатаева сынды  беделі биік дарынды басшылардың өнегелі ісі мен  еңбек жолын көпшілік жақсы біледі және үлгі тұтады. Осы орайда кітапхана саласының құрметті ардагерлері  Гүлжан Жұмақаева мен Роза Исатаева,  БҚО салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов қазіргі заман талабына сай кәсіби білімі жоғары, жаңа технологияны меңгерген жан-жақты  жетілген кітапхана жұмысына сәттілік тіледі.

Кітапханада ақын Жұбан Молдағалиевтың шығармашылық мұрасын  оқырмандарға кеңінен насихаттау мақсатында «Жұбан оқулары» байқауы  жыл сайын  дәстүрлі түрде өтіп келеді. Осы жылдар ішінде талай поэзия сүйер жас ұрпақ  ақын жырларын сүйсіне оқып,   рухани жетілуде. Биыл да 21-ші рет өткізілген  «Жұбан оқулары» байқауы өз мәресіне жетіп отыр. Салтанатты шарада М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент   Зейнолла Мүтеев байқаудың  жеңімпаздарын  марапаттады.

            Жергілікті ақын-жазушылар кітапханамыздың тұрақты оқырманы. Жаңа жарық көрген жинаққа Айтқали Нәріков, Мира Шүйіншәлиева, Мұнайдар Балмолда, Сағынтай Бисенғалиев сынды өлкеміздің бірқатар танымал тұлғалары пікір білдіріп, жүрекжарды өлеңдерін арнап, Тәуелсіздіктің отызыншы белесіне көтерілген кітапхана да елмен бірге жасай беретініне, келешек ұрпақты рухани теңіздің тұнық тұңғиығынан сусындатып, мәдениетке, адамгершілікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелей береріне сенім білдірді.

          Рухани кеш соңында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Cәуле Карабалинаның әні мен сөзіне жазылған «Жұбан кітапханасы» әні алғаш рет шырқалып, көпшіліктің көңілін тербеді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА, 

Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреттері

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
71 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
143 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
372 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
855 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1233 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1139 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1592 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2208 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2372 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2380 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2431 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2435 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2054 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2915 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2969 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2963 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3544 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3535 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3671 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»