8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Наурыз 2020 1436 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЕЛ ХАЛҚЫНА ЖАРИЯЛАҒАН ҮНДЕУІ

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады.

Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде.

Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр.

Бұл індет күннен-күнге ушығып барады.

Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді.

Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады.

Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады.

Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды.

Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз.

Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз, бірақ азық-түлік дүкендері және базарлар өз жұмысын жалғастыра береді.

Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылады.

Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Сондай-ақ, азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбеген жөн деп санаймын.

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режим күшейтілді.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді.

Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын.

Сақтанғанды Құдай сақтайды.

Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді.

Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек!

Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет.

Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін.

Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек.

Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет.

Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады.

Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз.

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды.

Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар.

Осы орайда, азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді.

Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек.

Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет.

Татулық пен тұтастықтың арқасында кез-келген қиындықтан шығуға болады. Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет.

Береке мен бірлік бәрін де жеңеді!

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
158 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
187 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
444 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
923 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1300 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1184 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1659 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2277 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2441 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2449 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2501 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2503 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2099 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2982 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3035 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3029 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3646 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3611 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3602 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3577 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3738 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»