8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қазан 2022 1970 0
Toqaev2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабта сөйлеген сөзінен:

Қ.Тоқаев:

– Қазақстанда жаңа саяси оқиғалар орын алып жатыр.
Биыл 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.
Ең алдымен, маған сенім артып, сайлауға кандидат ретінде ұсынған халықтық коалицияға алғысымды айтамын.
Маған Парламенттегі саяси партиялар және түрлі саладағы қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен ел ағалары, еңбек адамдары, жастар хат жолдап, тілектерін білдіріп жатыр.
Бұл – мен үшін зор мәртебе.

Қ.Тоқаев:

– Үш жарым жыл ішінде еліміз көптеген қиындықты бастан өткерді. Соған қарамастан, біз барлық салада ауқымды реформалар жүргіздік. Саяси реформаның бірнеше топтамасын жүзеге асырдық. Ата заңға маңызды өзгерістер енгіздік.

Маусым айында өткен референдум жұрттың тың бастамаларды қолдайтынын көрсетті. Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. Біз еліміздегі тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жоюға кірістік. Барлық салада шынайы бәсеке болуы үшін әділ ережелер орнығуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр. Елдік мәселелерді бірлесіп талқылау үшін Ұлттық құрылтай құрылды.

Қ.Тоқаев:

– Біз мемлекеттік аппаратты жаңарту үдерісін бастадық. Адам құқықтарын қорғау жүйесін айтарлықтай нығайттық. Сот саласын реформалауға кірістік. Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды басты міндет ретінде белгіледік. Мұғалімдердің, дәрігерлердің және басқа да әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын көтердік. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін нақты шараларды қолға алдық.

Жалпы, қоғамымызда оң өзгерістер басталды. Оның бәрі әрбір азаматтың табанды еңбегі, нағыз отаншылдығЫ және жасампаз ұстанымы арқасында мүмкін болды.

Осы сәтте мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Алайда, алдымызда тұрған жұмыс әлі көп.

Бүгінде Қазақстан әлемдік нарықта болып жатқан дағдарысты, жаһандық азық-түлік инфляциясын, халықаралық қатынастардағы күрделі ахуалдың ықпалын сезініп отыр. Сондықтан, реформаларды міндетті түрде жалғастыру керек.

Қ.Тоқаев:

– Бұл, шын мәнінде, тарихи мағынаға ие жаңғыру болмақ. Сондықтан, еліміздің әрбір жауапты азаматы осы маңызды кезеңде адал қызмет етуі қажет. Ел болып бірлесіп қана, мақсатымызға жетеміз. Біздің мақсатымыз – айқын. Бұл – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік аппараттың және бүкіл азаматтық қоғамның күш-жігері жұмсалатын болады. Бірлесіп еңбек етсек, барлық міндетті жүзеге асырамыз, ортақ жұмыстың нақты нәтижесін көреміз. Сонда ғана азаматтардың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсарады, экономикамыз жаңарып, саяси жүйеміз жаңғырады.

Бір сөзбен айтқанда, халқымыздың бірлігі және тұтастығы – реформалардың табысты болуының басты кепілі. Алайда, ұлтымыздың жаңа сапасын орнықтырмай, жеке және қоғамдық құндылықтарымызды жаңартпай, тұрақты әрі ауқымды дамуға қадам басу мүмкін емес.

Қ.Тоқаев:

– Бүгінде сыртқы және ішкі сын-қатерлер күшейген күрделі уақытта да мақсат-мұраттарымызға қол жеткізу біздің қолымыздан келетініне мен кәміл сенемін. Алдымызда әлі талай сынақтар болуы мүмкін. Осыған орай, мен Қазақстанның алдағы 7 жылда даму бағдары туралы ой-пікірімді ортаға салғым келеді.

Қ.Тоқаев:

– Мен ұсынып отырған бағдарлама «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталады. Моя Программа озаглавлена следующим образом: «Справедливый Казахстан: для Всех и для Каждого». Оның әр тармағын өзім жаздым. Бұл бағдарлама менің жүрегімнен шықты деп айтсам, артық болмайды.

Каждый параграф, каждое предложение этой программы написано мною лично. Можно сказать, эта программа прошла через мое сердце. Біздің бір ғана мақсатымыз бар. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру.

Қ.Тоқаев:

– Бірінші қағидат – ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ.
Біз саяси жаңғыруды жүйелі түрде жалғастырамыз. Мемлекеттік аппараттың тиімділігін жақсартамыз. Сот билігінің тәуелсіздігін нығайтамыз. Құқық қорғау саласында түбегейлі реформа жүргізіп, армиямыздың қорғаныс қабілетін арттырамыз.

Проведенная нами конституционная реформа и институциональные преобразования заложили основы принципиально новой политической модели развития Казахстана. Дальнейшая политическая модернизация страны необратима.

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын одан әрі орнықтыру үшін тың шаралар қолға алынады. Сол арқылы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығаяды.

Қ.Тоқаев:

– Біз шынайы саяси бәсеке дәстүрін орнықтырамыз. Сайлаудың озық мәдениетін қалыптастырамыз. Партиялар арасындағы пікірталастың және қоғамдық талқылаудың өркениетті түрде өтуіне жағдай жасаймыз. Жаңа саяси жүйеде азаматтық қоғамның барлық институттары маңызды рөл атқаратын болады.

Ұлттық құрылтайдың және қоғамдық кеңестердің ықпалы артады. Тиімді мемлекеттік басқару жүйесі табысқа жетудің негізгі жолына айналады. Үкімет және өңір деңгейіндегі бағдарламалардың, нақты шешімдердің барлығы, жалпы, мемлекеттің бүкіл стратегиясы, ең алдымен, азаматтардың тұрмысын жақсартуға тиіс. Бұл – мемлекеттік аппараттың ең басты және бірден-бір міндеті. Сондықтан, барлық органдар заман талабына сай жұмыс істейтін болады.

Ойға қонымды және, шын мәнінде, елге пайдасы тиетін шаруамен айналысады. Шешімдер мұқият ойластырылып, ашық әрі әділ қабылданады. Ең бастысы, онда қоғамның мүддесі және сұранысы ескеріледі. Бұл жерде мамандардың біліктілігі өте маңызды.

Олар билік институттарының құндылықтарын айқындайды, жұмысты ұйымдастыру мәдениетін қалыптастырады.

Қ.Тоқаев:

– Біз мемлекеттің азаматтармен және бизнес өкілдерімен жүзбе-жүз кездеспей-ақ қашықтан тиімді жұмыс істеуіне қажетті цифрлық инфрақұрылым жасаймыз.

Отбор на государственную службу будет проходить на основе высоких профессиональных и моральных качеств кандидатов, а карьерное продвижение осуществляться на принципах меритократии. Мы продолжим формирование Президентского молодежного кадрового резерва и предоставим возможность поступления на государственную службу всем гражданам – профессионалам и патриотам нашей страны.

Қ.Тоқаев:

– Мемлекеттік қызметшілер жалынды ұран мен жалаң сөзге үйір болмауға тиіс. Олар барынша тиімді әрі өнімді жұмыс істеуі қажет. Халыққа әдемі жоспарлардың қажеті жоқ. Әдемі баяндамалар да қажет емес. Жұрттың күтіп отырғаны – нақты шешімдер және нәтижелі жұмыс.

Сондықтан, барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады. Олардың кәсіби қызметі сол арқылы өлшенеді. Өйткені, бұл – біздің жалпыұлттық мақсатымыз. Басшылардың айтқаны заң деген ұғым келмеске кетеді. Бірінші орында халықтың және мемлекеттің мүддесі тұруы керек.

Қ.Тоқаев:

– Әрбір азамат ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» деген өсиетін берік ұстануы қажет. Салааралық тартысқа және шағын топтың мүддесін астыртын қорғауға түбегейлі тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу үшін нақты нәтиже беретін тиімді тәсілдер қолға алынады.

К.Токаев:

– Объективное и независимое правосудие – главное условие построения справедливого государства, устойчивой экономики и гармоничного общества. Только равенство всех граждан перед законом укрепит веру людей в государство. Поэтому мы должны сформировать высокопрофессиональный, честный, неподкупный судейский корпус. Будем искоренять чрезмерно репрессивный уклон в отправлении правосудия.

Реформе подвергнется институт апелляции, расширятся категории дел, рассматриваемых судом присяжных. Судебное жюри будет наделено правом проверки каждого отмененного судебного акта.
Мы наладим эффективное гражданское судопроизводство с использованием современных технологий и медиации. Повысим реальную состязательность между сторонами обвинения и защиты.

Защита прав граждан и обеспечение их безопасности станут безусловным приоритетом правоохранительной деятельности.
Безвозвратно должны уйти в прошлое факты произвольного вмешательства в дела бизнеса и все другие формы злоупотребления полномочиями. Для этого в ближайшее время будет проведена ревизия уголовного и уголовно-процессуального законодательства.

Приоритетом будет реформа правоохранительной системы и, особенно, полиции, работа которой часто критикуется в обществе.
Мы перезагрузим деятельность правоохранительных органов, снизив коррупциогенность и усилив профилактический вектор в их деятельности.

К.Токаев:

– Борьба с коррупцией, как коррозией, разъедающей нашу страну, станет бескомпромиссной. Решительный заслон будет поставлен производству и распространению наркотиков, особенно синтетических. Правоохранительные органы сосредоточатся на тех преступлениях, от которых больше всего страдают граждане – семейно-бытовое насилие, наркопреступления, мошенничества, финансовые пирамиды.

Мы создадим профессиональную и эффективную сервисную полицию. Будет усилен прокурорский надзор над соблюдением правоохранительными органами конституционных прав и свобод граждан и предпринимателей. Расширится участие граждан в выработке решений по профилактике правонарушений и обеспечению правопорядка. Для предотвращения пыток будут предприняты новые конкретные меры.

Наказания за семейно-бытовые преступления следует ужесточить – это моя принципиальная позиция. В условиях беспрецедентных внешних вызовов нам нужно обеспечить незыблемость государственного суверенитета и целостность страны. Это наш долг и священная обязанность перед прошлыми и будущими поколениями. Для этого мы уделим особое внимание всесторонней модернизации армии и всего силового блока.

К.Токаев:

– Военные будут обеспечены современным вооружением и техникой. Повысим престиж воинской службы и статус военнослужащих, укрепим имидж нашей армии. Военнослужащие станут символом казахстанского патриотизма. Будут приняты меры по развитию оборонно-промышленного комплекса, укреплению территориальной обороны, улучшению качества военного образования и слаженности войск.

Казахстан на международной арене всегда твердо отстаивал свои национальные интересы и продвигал прогрессивную повестку.
Наш внешнеполитический курс будет неизменно миролюбивым и конструктивным, нацеленным на сотрудничество со всеми партнерами.

Поэтому мы будем содействовать усилению глобальной роли ООН и созданию более гармоничной и справедливой системы международных отношений.

Қ.Тоқаев:

– Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.

Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз.

«Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді.

К.Токаев:

– Олигополии в нашей стране породили огромное социальное неравенство и системные проблемы в экономике. Деятельность монополий и приближенных к власти бизнесменов препятствовала развитию конкуренции, лишала добросовестных предпринимателей шанса на успех. В результате богатые богатели, а бедные становились еще беднее, теряя веру в государство.
Поэтому перед нами стоит задача демонополизации отечественной экономики.

Қ.Тоқаев:

– Мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғауға
бар күш-жігерін салатын болады. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады.
Мемлекет әзірге жеке бизнестің шамасы келмейтін салаларда ғана белсенді жұмыс жүргізеді.

Құнды активтерді жекешелендіру қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады. Біз заңсыз жолмен алынып, сыртқа шығарылған активтерді елге қайтару жұмыстарын аяғына дейін жеткіземіз.
Бұл қаражатты бүкіл халқымыздың игілігіне жұмсаймыз.
Біз ашық және әділ нарықтық бәсеке орнатуға және барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беруге жол ашатын әділетті экономика құрамыз.

Біз ұлттық байлығымызды үнемді әрі тиімді пайдаланамыз.
Еліміздің әрбір азаматы оның игілігін көретін болады. Экономиканың барлық саласында тұрақты жұмыс орындары ашылады. Адал әрі өнімді еңбек еткен адам құрметке ие болады, лайықты қорғалады және жақсы жалақы алады.

Кәсіби білікті, өз ісіне жауапты әрі кез келген жағдайға бейімделе алатын қызметкерлердің мансабы да, табысы да өседі.
Біз бәсекелі және қауіпсіз еңбек ахуалын қалыптастырамыз.

К.Токаев:

– Первостепенной задачей станет укрепление обрабатывающего сектора, модернизация инфраструктуры, наращивание энергетических мощностей. Мы придадим мощный импульс аграрной сфере, усилим базовые отрасли промышленности и будем создавать новые отрасли, выпускающие продукцию высоких переделов. Будем проводить сбалансированную и прозрачную налоговую, бюджетную, денежно-кредитную и тарифную политику. Примем системные меры по сдерживанию инфляции.

Именно такая экономика станет основой устойчивого роста благосостояния нашего народа. В течение 7 лет мы планируем привлечь 150 миллиардов долларов прямых иностранных инвестиций. Активы Национального фонда будут увеличены до 100 миллиардов долларов.Все, что по праву принадлежит народу Казахстана, будет служить его интересам. Для этого мы обеспечим эффективное управление фондом, повысим его инвестиционный доход.

Для обеспечения справедливого, прозрачного, понятного налогообложения начнет действовать новый Налоговый кодекс.
Будут введены дополнительные налоговые ставки на предметы роскоши. Мы будем стимулировать рост зарплат работников через установление встречных обязательств бизнеса при получении государственной поддержки.

С 2025 года будет внедрен механизм увеличения минимальной заработной платы в зависимости от уровня инфляции. Количество занятых в малом и среднем бизнесе достигнет 4,7 миллиона человек.

Қ.Тоқаев:

– Ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз.

Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Соның арқасында артық делдалдан құтылып, ауыл еңбеккерлерінің табысын едәуір арттыруға мүмкіндік туады. Суармалы егіншілікті дамыту басты бағытқа айналып, оның жалпы көлемі екі есе артады. Су – ең қымбат қазына. Сондықтан, су үнемдейтін технологияны қолдануға айрықша көңіл бөлінеді.

Біз ұзындығы 3,5 мың шақырым болатын суармалы каналдарды қайта жаңғыртамыз. Сондай-ақ, 25 бөген салынады. 16 су қоймасын күрделі жөндеуден өткіземіз. Транзиттік әлеуетімізді толық пайдалану үшін көлік дәліздерін кеңейтіп, логистиканы дамытамыз.

К.Токаев:

– С этой целью мы сделаем Транскаспийский международный транспортный маршрут основным связующим звеном, который будет способствовать более полной реализации наших транзитных и экспортных возможностей. Мы усилим морские порты и флот, создадим на Каспийском море контейнерный хаб.

Запустим сеть приграничных торгово-экономических центров с Россией, Китаем, странами Центральной Азией. Отремонтируем 11 тысяч километров железных дорог. Запустим железнодорожные линии «Достык – Мойынты», «Дарбаза – Мактаарал», обходную ветку вокруг Алматы, железнодорожный переход с Китаем «Бахты». Мы продолжим создание такой энергетической системы, которая обеспечит потребности людей и запросы промышленности. Одновременно обеспечим диверсификацию углеводородного производства и газификацию наших регионов.
Динамичное развитие получит альтернативная энергетика. Объемы производства возобновляемой энергии увеличатся в 1,5 раза.

В наших планах модернизировать и построить 3,7 гигаватт электрогенерирующих мощностей и теплоэлектроцентралей.
Завершим строительство линий электропередачи, закольцовывающей энергосистему страны. Внутренний рынок будет насыщен основными видами нефтепродуктов путем наращивания объемов переработки до 21 миллиона тонн в год. По мере роста добычи нефти мы будем диверсифицировать коридоры для экспорта углеводородного сырья.

В эксплуатацию будут введены новые газоперерабатывающие заводы, производство товарного газа увеличится до 30 миллиардов кубометров. В стране будет обеспечен 60-процентный уровень газификации.

Қ.Тоқаев:

– «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Өңірлік саясат әділетті болса, ірі қалалардағы және шағын ауылдардағы жұрт жайлы өмір сүреді.
Елімізде алдағы 7 жылда 111 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріледі. Үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің құрылысы түгел аяқталады.

К.Токаев:

– Новоселье отметят около 40 тысяч собственников аварийного и ветхого жилья. Ипотечное кредитование по программе «7-20-25» продолжится. Государство будет активно прокладывать инженерные коммуникации в районах массовой жилищной застройки.

Во всех населенных пунктах страны будет водоснабжение.
Показатель износа коммунальных сетей снизится до 40%. Мы обеспечим качественное строительство и ремонт автодорог.
Будет построено и реконструировано 8 тысяч километров автодорог республиканского значения и 14 тысяч километров областного и районного значения.

Республиканские и основные областные автодороги будут охвачены качественной, стабильной сотовой и интернет-связью.
Государство создаст технологический плацдарм для перехода от базового к сложному производству и выпуску высокотехнологичных товаров.

Для этого наука будет переориентирована на новые технологии производства, которые повысят конкурентоспособность Казахстана.

Қ.Тоқаев:

– Ғалымдарымыздың еңбегі жол құрылысының сапасын жақсарту, ауыл шаруашылығын жаңғырту, өнеркәсіптің тиімділігін арттыру сияқты нақты мәселелерді шешуге жұмсалады. Бұл жұмысты мемлекет, ғылым және бизнес өкілдері бірлесе атқаруы қажет. Осыған орай, қолданбалы ғылымды қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтатын боламыз. Ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру үшін қажетті жағдайды жасаймыз.

К.Токаев:

– Третий принцип моей предвыборной платформы – это СПРАВЕДЛИВОЕ ОБЩЕСТВО.

Он предполагает создание развитой социальной инфраструктуры и широких возможностей для реализации человеческого потенциала, проведение справедливой социальной политики. Государство несет прямую ответственность за образование, здоровье и благополучие граждан.

Наш социальный бюджет продолжает расти – триллионы тенге идут на возведение и модернизацию детских садов, школ, больниц, объектов культуры и спорта, а также на адресную помощь. За большими цифрами стоят насущные проблемы простых людей. Каждый человек, нуждающийся в поддержке, должен чувствовать персональную заботу государства.

Қ.Тоқаев:

– Елімізде әлеуметтік салаға қаржы бөлу амалсыздан жасалатын шара деген түсінік бар. Мұндай түсінікті түбегейлі өзгертеміз.
Бұдан былай осы салаға бөлінетін қаражат адам капиталына салынатын тікелей инвестиция болып есептеледі. Мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға, экономиканы өркендетуге негіз болады.

Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрады.
Біз бала тәрбиесіне баса мән береміз. Дарынды, білімді және отаншыл жастар көп болған сайын, халықтың әл-ауқаты да жақсара түседі. Біз оқу-ағарту саласындағы теңсіздікті жою үшін нақты шаралар қабылдаймыз.

К.Токаев:

– Все шесть с половиной миллионов наших детей вне зависимости от места проживания будут иметь равный доступ к фундаментальным знаниям, цифровым технологиям, развитой образовательной инфраструктуре. Мы будем создавать для подрастающего поколения максимально комфортные условия обучения.

Дети от 2 до 6 лет будут полностью охвачены качественным дошкольным воспитанием. Будет создано 1,5 миллиона комфортных ученических мест и окончательно решим проблемы перегруженных классов, аварийных школ и трехсменного образования.

Государство ежегодно модернизирует не менее тысячи школ в малых городах, районных центрах и селах. Откроем семь тысяч современных школьных кабинетов робототехники, химии, биологии, физики.

Қ.Тоқаев:

– Жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 ірі орталық салынады. Атап айтқанда, оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркем өнер мектептері бой көтереді. Әрбір оқушы өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алады. Балалардың денсаулығын жақсарту үшін елімізде 50 сауықтыру лагері ашылады.

Балабақшаларда әлеуметтік жағынан әлсіз отбасылардан шыққан балаларға және барлық бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі.

Каждый ученик получит специальную идентификационную карточку, которая позволит получать мгновенный доступ к учебным материалам, станет пропуском, средством оплаты, заменит тяжелые рюкзаки.

Біз педагог мәртебесін көтеруге арналған жұмысты жалғастыра береміз. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстың бәрінен босатылады. Ұстаз атты ардақты ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады.

К.Токаев:

– Во всех учреждениях образования будут усилены меры безопасности. Оборудуем тревожными кнопками и камерами видеонаблюдения колледжи, школы, детские сады. Стипендии студентов увеличатся в два раза. Будет решен вопрос дефицита мест в студенческих общежитиях. Казахстанские студенты получат бесплатный доступ к мировым цифровым библиотекам.

Қ.Тоқаев:

– Мемлекеттің тағы бір маңызды міндеті – халықтың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру. Біз медицина мамандарын даярлау ісін және профилактикалық жұмысты күшейтеміз. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі.

Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны көбейте береміз.
2027 жылы оның көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызына жетеді. Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Біз халық денсаулығын алдын-ала тексеру бағдарламасының аясын кеңейтеміз. Оның ішінде онкологиялық және жұқпалы емес ауруларды дер кезінде анықтауға баса мән береміз.

К.Токаев:

– Мы проведем модернизацию онкологической службы, запустим единый консультативный инсультный центр. По всей стране будет создана сеть современных перинатальных центров. Откроется Национальный центр детской онкологии и гематологии. В селах и райцентрах будет построено 700 объектов первичной медико-санитарной помощи.

Системное развитие получит телемедицина. Долю отечественного производства лекарств на фармацевтическом рынке Казахстана доведем до 50 процентов. Через внедрение цифровых решений снизится отчетность врачей, а каждому гражданину будет обеспечен полный доступ к информации о его здоровье.

Еще раз повторю: все наши социальные расходы – это инвестиции в развитие потенциала нации. Поэтому в своей социальной политике мы будем не просто помогать людям преодолевать жизненные препятствия, а стимулировать их стремление трудиться и повышать собственное благосостояние.

Серьезную поддержку государства получат граждане с особыми потребностями, в первую очередь дети. Мы ускорим формирование инклюзивной среды во всех ключевых сферах.

Для лиц с особыми потребностями будут создаваться специальные рабочие места и возможности для развития социального предпринимательства.

К.Токаев:

– С 2024 года начнем реализацию новой масштабной инициативы «Нацфонд – детям». Обеспечим ежегодное перечисление в общественный фонд «Қазақстан халқына» не менее 7% от чистого дохода фонда «Самрук-Қазына». Все эти меры станут прямым отражением справедливой социальной политики государства.
Будет усилена система поддержки временно нетрудоустроенных граждан.

Мы внедрим систему страхования от безработицы, а размеры социальных выплат по потере работы увеличим до 45% от дохода.

К.Токаев:

– Будет принят закон «О банкротстве физических лиц», который позволит закредитованным гражданам освободиться от чрезмерной долговой нагрузки. Сейчас думаем и о других мерах в этом направлении.

Қ.Тоқаев:

– Қазақта «Ел» сөзі «халық», сондай-ақ «мемлекет» деген мағына береді. Шын мәнінде, халық пен мемлекет бір-бірінен бөле-жарып қарауға келмейтін – егіз ұғымдар. Сондықтан, мемлекет дегеніміз бұл – ортақ құндылықтары бар халық деген сөз. Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі және жеріміздің тұтастығы. Сондай-ақ, халқымыздың терең тарихы мен салт-дәстүрі, жұртымыздың мызғымас бірлігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және отбасы құндылықтары. Біз мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, оның қолдану аясын кеңейту үшін барлық жағдайды жасаймыз. Тілге байланысты ешқандай қысымға жол бермейміз.

К.Токаев:

– На основе универсального принципа «единство в многообразии» мы продолжим укреплять межэтническое единство и межконфессиональное согласие в нашей стране. На здоровье и качество жизни граждан напрямую влияет состояние экологии. Поэтому мы должны рационально использовать природные ресурсы и беречь окружающую среду, развивать чистые технологии. Нам нужно повышать уровень экологической культуры в обществе.

Только так мы восстановим экологическое равновесие и защитим нашу природу. На всех уровнях мы повысим качество экологического образования на всех уровнях – от детских садов до вузов. За счет усиления экологического контроля на промышленных предприятиях мы на 20% снизим эмиссию вредных веществ.

Будет принят новый Водный кодекс, направленный на рациональное использование, защиту и очищение водных ресурсов. Мы должны довести площадь лесов до 14,5 миллионов гектаров и приступим к восстановлению численности редких и исчезающих видов диких животных. Во всех крупных городах будет создана необходимая для электромобилей инфраструктура.

Қ.Тоқаев:

– Қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар.
Елімізде рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатыр.
Олар халқымыздың болашағы жарқын болуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Ең бастысы, жас ұрпақ елдік істерге белсене қатысуға дайын.

Мағжан ақын айтқан «Мен жастарға сенемін» деген сөзді мен бүгінгі жастарға да айтқым келеді. Біз жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынамыз. Ол үшін жастар саясатын түбегейлі қайта қараймыз.
«Жастар үшін» деген қағидаттың орнын «Жастармен бірге» деген қағидат басады.

На смену лозунгу «Все для молодежи» придет принцип «Вместе с молодежью». Жастар саясаты туралы жаңа тұжырымдама және заң қабылданады.

Қ.Тоқаев:

– Қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар.
Елімізде рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатыр.
Олар халқымыздың болашағы жарқын болуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Ең бастысы, жас ұрпақ елдік істерге белсене қатысуға дайын.

Мағжан ақын айтқан «Мен жастарға сенемін» деген сөзді мен бүгінгі жастарға да айтқым келеді. Біз жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынамыз. Ол үшін жастар саясатын түбегейлі қайта қараймыз.
«Жастар үшін» деген қағидаттың орнын «Жастармен бірге» деген қағидат басады.

На смену лозунгу «Все для молодежи» придет принцип «Вместе с молодежью». Жастар саясаты туралы жаңа тұжырымдама және заң қабылданады.

К.Токаев:

– В общественных советах мы внедрим молодежную квоту. Для развития молодежного предпринимательства государство предоставит льготные кредиты под 2,5% годовых. Мы окажем системную поддержку креативной индустрии. Будем регулярно проводить международные фестивали молодых талантов и ежегодно присуждать гранты «Тәуелсіздік ұрпақтары».

Қ.Тоқаев:

– Мен халыққа ұсынып отырған сайлауалды тұғырнаманың негізгі үш қағидатын атап көрсеттім. Стратегиялық бағдарымды жүзеге асыру жолындағы нақты қадамдарды айтып өттім. Мұның бәрі мемлекеттігімізді нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналып отыр.

Сайлауға орай әзірлеген бағдарламамда бұдан бөлек көптеген нақты шаралар мен шешімдер туралы айттым. Мен өздеріңізге ұсынып отырған жоспарымды алыс болашақта емес, жақын арада жүзеге асырамын. Осы мақсаттарға халықтың қолдауымен ғана жетуге болады. Бұл жұмысқа неғұрлым көп азамат атсалысса, нәтижесін де соғұрлым тезірек көретін боламыз.

Ұлы дала елінде азаттық, ынтымақ және әділдік рухы әрдайым асқақ болған. Біз «Жаным – арымның садағасы» деген елміз.
Батыр бабаларымыз ар-намысын және халқының бостандығын бәрінен биік қойған. Біз мемлекеттігімізді одан әрі дамытып, оның тұғырын нығайта түсуіміз керек. Осы жолда тамыры терең, мың жылдық құндылықтарымыз жаңғырып, жаңа мағынаға ие болуға тиіс.

Отанымыздың болашағы жарқын болуы үшін әр азаматтың бойында жасампаздық, отаншылдық және саяси жауапкершілік болуы қажет. Ең басты байлығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұрпаққа мирас ету бүгінгі буынның қасиетті парызы. Осы жауапты сәтте әрқайсымыз өз тарихи таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл – ел тағдырына ықпал ететін маңызды қадам.

К.Токаев:

– Мы можем и должны сделать нашу страну прогрессивной и конкурентоспособной в современном мире. Уверен, вместе мы построим Справедливый Казахстан – страну свободных, сильных, образованных и уверенных в себе и в своем государстве граждан. Для меня нет ничего важнее, чем интересы государства и благополучие народа.

Я абсолютно искренне заинтересован в том, чтобы мои соотечественники стали жить лучше. Убежден, это стремление разделяет вся нация.

Қ.Тоқаев:

– Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Ел және жер тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Әрбір азаматымыз – біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі. Отанымыздың болашағы – сіздердің қолдарыңызда.

Будущее Казахстана – в ваших руках. Мы все в ответе перед народом. Это наш уникальный шанс. Наступает время кардинальных перемен и твердых решений. Другой возможности не будет. Мы обязаны вывести нашу страну на столбовую дорогу развития и прогресса, построить Справедливый Казахстан.

Сондықтан, осы саяси науқанға халқымыз бір ел болып белсене қатысады деп сенемін. Баршаңызды тарихи таңдау жасауға шақырамын. Біздің Отанымыз – бір, Мемлекетіміз – бір, Халқымыз – бір.

Әрдайым бірге болайық, ағайын!
Болашаққа бірге қадам басайық!

t.me/toqaev2022

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
165 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
192 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
451 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
930 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1308 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1188 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1666 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2284 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2448 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2456 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2508 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2511 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2103 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2989 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3043 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3036 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3653 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3618 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3609 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3584 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3745 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»