АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫЛАР ҮШ АЙДАН СОҢ ТАБЫЛДЫ
Осы жылдың шілдесінде белгісіз тұлғалар Тасқала ауданы Айнабұлақ ауылында 60 жасар ауыл тұрғынының асыл тұқымды екі жылқысын қора жайынан ұрлап кетіп, оған 2 млн. 485 мың теңге шығын келтірген.

БҚО Полиция департаментінің қылмыстық полиция қызметкерлері мен Тасқала аудандық полиция бөлімі жүргізген жедел-іздестіру шаралары арқылы қазан айында ұрлықты жасаған қылмыстық топ ұсталды. Күдікті 1991 және 1995 жылғы Орал қаласының тұрғындары болып шықты. Олар жылқыны ұрлап, шекарадан асырып, Ресей Федерациясының Саратов облысындағы таныстарында тығып ұстаған.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта жылқылар иесіне қайтарылды. Ал күдіктілерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, өндіріс сотқа жолданып отыр.
Жылқылардың иесінің айтуынша, сәйгүліктер бұған дейін аудандық, облыстық, республикалық аламандарға қатысып, талай рет жүлделі орындарды иемденген. Алайда, ұрланып, үш айдан кейін қайтарылған жылқылардың салмақ қосқаны байқалған. Демек, қылмыскерлер жылқыларды семіртіп, етке тапсыруды ойлаған болуы мүмкін.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу