АСЫҚСАҢ – АЙЫППҰЛ! Орташа жылдамдық үшін жазалайтын заң шығады

ҚР Ішкі істер министрлігіне «орташа жылдамдық» ұғымын енгізу мен оны асырғандарды ақшамен жазалау жағын ойластыру тапсырылған болатын. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
3 шілдеде Ішкі істер министрлігі мен парламент депутаттары жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізіп, оның барысында жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасалды. Елдегі әрбір үшінші жол апатына жылдамдықты арттыру себеп деген дәйек айтылды. Соған байланысты, жылдамдықты арттырумен күресу үшін Ішкі істер министрлігіне «орташа жылдамдық» ұғымын заңға енгізу ұсынылды, – деп атап өтті Кеңісбаев.
Оның сөзінше, орташа жылдамдық үшін жазалау жүзеге былай асырылмақ: мәселен, Нұр-Сұлтан-Бурабай тас жолының басында орнатылған камера көліктің маркасы мен нөмірін, өткен уақытын жазып алады. Тас жолдың аяғында, Бурабайдың кіре берісінде орнатылатын екінші камера көліктің жеткен уақытын есептеп, орташа жылдамдығын шығара қояды.
– Егер орташа жылдамдық рұқсат етілген межеден асып кетсе, мысалы, рұқсатты жылдамдық 140 шақырым/сағат болса, ал камера есептеген көрсеткіш 150-ден асып кетсе – жүргізуші айыппұл арқалайды, – деп түсіндірді полицей.
«Орташа» жылдамдық өлшеу камералары қала сыртында, республикалық маңызы бар жолдарға орнатылмақ екен.
– Бұл жолдағы жағдайдың жақсаруына, сондай-ақ жазатайым оқиғалар санының азаюына әсер етеді… Орташа жылдамдық үшін салынатын айыппұлға келсек, 592-бап – жылдамдықты асыру үшін жауапкершілік көздейді. Бөлек айыппұл ойлап таппаймыз, – деп атап өтті Комитет басшысының орынбасары.
Версия для печатиhttps://kaz.zakon.kz/4977909-asy-sa-ayypp-l-ortasha-zhyldamdy-sh-n.html
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу