8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Наурыз 2021 2033 0
Өзек

«ASIA MALL» САУДА ҮЙІНДЕ ТАҒЫ ДА ҰРЛЫҚ ТІРКЕЛДІ

Сауда үйіндегі бутиктердің  бірінен қалың күрте  ұрланған. 

Оралқаласы полиция басқармасы баспасөз қызметінің  мәліметінше, оқиға 10 наурыз күні  сағат 14.50 шамасында болған. Белгісіз тұлға «Азия Молл» сауда үйінде болып, төңіректе бейтаныс жандар жоғын бажайлап қарап, бір сауда бутигінен қалың күртеше ұрлаған. Дәл осы мезетте сауда жүргізіп отырған бутик иесіне 18 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген еді. Ірі сауда үйінде ұрлық орын алды деген жедел мәлімет ретімен оқиға орнына барған басқарманың кәсіби шебер, епті жедел уәкілдері күдікке іліккен азаматтың адымын алысқа ұзатпай құрықтады.   Полиция қызметкерлері бұл 1983 жылғы М. есімді азаматтың бұған дейін бірнеше рет ұрлықққа жол беріп, бірнеше ұрлық деректерін қала ішіндегі ірі сауда үйлерінде жасағанын анықтады. Өзге қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, аталған сауда үйінде жыл басында 250 мың теңгеге  бағаланатын тон қолды болған еді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
90 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
85 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»