«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА БАРУДЫ ҚАУІПСІЗДЕНДІРЕДІ
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен (ҚР ДСМ) бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау мақсатында «Ashyq» қосымшасын әзірледі. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ ресми сайтында хабарланды.

ҚР ЦДИАӨМ, ҚР ДСМ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, карантин шаралары кезеңінде қызметі шектелген (spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрлар) бизнес өкілдері арасында пилоттық жобасын өткізуде. Енді, осы орындарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.
Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.
Сары – қозғалысты ішінара шектеу – пайдаланушы ПТР деректер қорында байланыста болған ретінде көрсетілген: пациент үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.
Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.
Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.
Бұл мәртебелерді көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция бар, олар келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады.
Өткізілген пилоттық жоба қоғамдық орындарға (СОО, дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар, вокзалдар, әуежайлар және т.б.) кіру үшін Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасын таралымын көбейту мерзімін одан әрі анықтауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы кезеңде «Ashyq» мобильді қосымшасы App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу