8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2021 1746 0
Қалалықтар қаперіне

«ASHYQ» ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛАДЫ

13 сәуір күні БҚО әкімінің  төрағалығымен өткен коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік жедел штаб отырысында  «Ashyq» мобильді қосымшасы жүзеге асыру туралы айтылды. Бұл «қызыл» аймақтардағы кәсіпкерлік субьектілерінің жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.

БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың мәліметінше, бұл мобильді қосымша 14-ші сәуірден бастап жүзеге асады деп жоспарланып отыр.

– Тұрғындар смартфонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, үйін, телефон нөмірін, тұрғылықты мекенжайын тіркейді. Кейін СПА-орталықтарына, бассейндер мен боулинг алаңдарына кірер кезде оның QR-кодын тереді. Сол кезде аталмыш орталықтағы қызметкердің не келушілердің індет жұқтарғанын не жұқтырмағанын, не КВИ-мен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғанын білуге болады. Мекеме қызметкерлері де келушінің ЖСН-ін тексеру арқылы індет жұқтырғанын анықтай алады. Қосымшада тұрғындардың тапсырған ПТР талдаманың қорытындысы да сақталады, – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов.

Айта кеткен жөн бұл жоба бойынша облыстағы 700-ден аса кәсіпкерлік субьектісі жұмысын үздіксіз жалғастырға мүмкіндік алады. Бүгіннің өзінде 25 компаниядан өтініш түскен.  Олардың дені СПА-орталықтары мен кинотеатрлар және боулинг клубтары болып отыр. Қосымша сәтті жүзеге асқан жағдайда індет таралу көрсеткіші «қызыл» аймақтар тізімне енгеніне қарамастан, бұл нысандар жұмысын жалғастыра бермек.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»