«АШЫҚ БЮДЖЕТ» АРҚЫЛЫ ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕЛДІ
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» арқылы бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық мониторинг жүргізу жалғасып келеді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басшысы Б.Хайруллин мониторинг барысында «Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімі» ММ 164 300 теңге сомасына кеңселік қағаз сатып алуды жоспарлағаны анықталған.

Интерактивті картадағы мәлімет – қараша-желтоқсан айларына сатып алу жоспарын Мемлекеттік сатып алу порталындағы аталған айларға сатып алу жоспарын зерделеу барысында аталған тауарды сатып алу бағасының өсіріліп көрсетілгені анықталған.
«Мекеме 106 бума кеңселік қағазды жалпы сомасы 164 300 теңгеге, яғни 1 данасын 1550 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Аталған тауардың медиандық бағасы облыс бойынша 1250 теңгені құраса, Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімі 1 156 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Бұл мәселе 29 қазан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің Шыңғырлау ауданының әкімі Ә.Мұханбетжановамен онлайн кездесуі барысында талқыланды. Нәтижесінде Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімі сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіп, қағаздың 1 бумасының бағасы 1 071 теңге деп белгіленді. Сонымен қатар сатып алынатын тауар саны 106-дан 100-ге азайтылып, нәтижесінде 57 200 теңге бюджет қаражаты үнемделді», – деп мәлім етті Б.Хайруллин.
«Ашық бюджет» жобасы бюджет мәселелері бойынша азаматтардың хабардар болуын және тартылуын арттыруды, жұршылықтың бюджеттік ақпаратқа қол жеткізуін кеңейтуді және Қазақстанның бюджет жүйесінің ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыру арқылы мемлекттік басқаруға азаматтық қоғамды тартуға жәрдемдесуді көздейді. Осы орайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО бойынша департаменті азаматтарды Интерактивті карта арқылы бюджет қаражатының мониторингін жүргізуге атсалысуға шақырады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу