8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2019 1878 0
Қоғам

АСҚАР САБДИН БӨРЛІ АУДАНЫНДА

Республикаға танымал теолог, PHD докторанты, «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин Бөрлі ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында аудандық ІІБ қызметкерлерімен, аудан жастарымен кездесіп, АТТ мүшелеріне, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, дінтану пәні мұғалімдеріне оқыту семинарын өткізді.
Кездесудің мақсаты – бүгінгі қоғамда болып жатқан террорлық түрлі оқиғалар туралы жастарға, сала мамандарына дұрыс бағыт-бағдар беру, оларды жаман іс-әрекеттерден сақтандыру болып табылады. Жиын қонағы Асқар Ғалымжанұлы жалпы бүгінгі әлемде, қоғамда болып жатқан террорлық әрекеттер мен дінаралық қақтығыстар туралы, сондай-ақ қазіргі уақыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану, олардың қоғамға келтірер зияны туралы мәселелерге тоқталды.

Сұхбаттасу барысында тыйым салынған ұйымдарға жастарды тартудың себептері, теологиялық сипаттағы өзекті проблемалар талқыланды.
Кездесу сала мамандарының, жастардың сенімін арттыруға және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қатысушылар тарапынан дін мәселесіне байланысты өзекті де маңызды сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар алынды.

Үміт Ізтелеу, Бөрлі ауданы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»