8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Шілде 2023 1336 0
Қоғам

Қаржы агенттігі жарты жылда 8 мыңнан астам сайт пен шотты бұғаттаған

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың алғашқы алты айында 8 071 сайт пен шотты бұғаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы агенттіктің ресми сайтында хабарланды. Агенттік жыл басынан бері қаржы пирамидасының жұмысына пайдаланылатын, онлайн казино мен криптовалюта атын жамылып, елді алдайтын инттернет ресурстармен күрескен. Сол жұмыстың статистикасын ұсынды.

Ресми статистикаға сенсек, қаңтардан бері елімізде жұмыс істеген 5 348 сайт пен шот қаржы пирамидасының белгілері бар ресурс ретінде бұғатталған. Бұдан бөлек 2 102 онлайн казиноның ел аумағындағы жұмысы тоқтатылған. Криптовалюта атын жамылып қаражат жинамақ болған 621 сайт пен шот та жабылған. Осылайша агенттік алты айдың ішінде 8 071 сайт пен шотты заңға қайшы қызметі үшін бұғаттаған.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
125 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»