8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2019 2252 0
Қалалықтар қаперіне

Қарызды банктер есептеп, шегереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен өмірлік қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың қарызын өтеу тапсырылды. Осы орайда Үкімет мүшелері аталған қолдауды алушылар қалай анықталатынын, алдын ала саны қанша екенін айтты.

«Ешқайда барудың қажеті жоқ. Несие алған адамдардың ақпараты банктерде бар. Әлеуметтік топтарға кіретін адамдардың тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерек базасында орналасқан. Сондықтан дерекқорлардағы мәліметтерді бір-бірімен ақпарат алмасу арқылы жұмыс жасаймыз. Адамдарға бір жаққа барудың ешқандай қажеті жоқ. Банктерде барлық мәлімет бар»,- деп сендірді қаржы министрі Ә.Смайлов Үкімет үйінің кулуарында.

Оның сөзінше әр банкте, шағын қаржы ұйымдарында әлеуметтік топқа кіретін адамдардың нақты тізімдері бар. Министр жалпы борышқа несиенің өзі, сыйықы және айыппұлдар мен өсімақы кіретінін ескертті.

Ал, премьер-министрдің орынбасары аталған санаттар бойынша 933 мың азамат барын, олардың толық мәліметтері тіркелгенін атап өтті.

«Сондықтан екінші деңгейлі банктермен кездесеміз. Әрине, 933 мыңның бәрі кредит алған жоқ. Алғандары ғана белгілі болады. Алдын ала ақпарат бойынша мұндай азаматтардың 443 мың болып отыр»,- деді Әбдіқалықова.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
105 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
79 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»