АРЫСТЫҢ БАЛАЛАРЫ ОРАЛҒА КЕЛДІ
Арыстан келген 50 бала Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында демалатын болады.

Бүгін таңғы 4.00 шамасында оралдықтар арыстық балғындарды «Орал» вокзалынан қарсы алды. «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Гүлсім Ғабдулғазизқызы балаларға қош келдіңіз айтты. «Үш тұғырлы тіл» жазғы мәдени-танымдық ауысымына Арыс қаласының 2-11сынып оқушыларымен бірге (50 оқушы) және Самар облысының «Ақ жол» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автаномиясы қоғамдық ұйымының оқушылары (2-10 сынып) және облысымыздың жалпы орта білім беретін мектептердің 4-10 сынып оқушылары қатысады.
Арыстан келген балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға «Жайық Мұнай Газ» ЖШС директоры Ж.Жаркеев, «Ақжайық» футбол клубының директоры А.Шайхы, «РИАМИР» ЖШС директоры С.Чудненко, «Kinoplexx West» ЖШС бас директоры М.Идельбаев, «Орал Завод Зенит» АҚ бас директоры В.Валиев, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ғ.Қапақов сынды азаматтар мен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы демеушілік көрсетіп отыр.
Айта кету керек, «Үш тұғырлы тіл» қазақ, орыс, ағылшын тілдері бейіні бойынша жазғы мәдени-танымдық ауысымы 2019 жылдың 10 – 19 шілде аралығында 2-10 сынып оқушыларына 10 күнге арналған бағдарлама бойынша өткізіледі. Бағдарламада үштілділікті меңгеруге байланысты танымдық сабақтар, тренингтер, жіптік курстар, мәдени-танымдық шаралар, спорттық ойындар, Оқушылар және жастар сарайындағы жүзу бассейніне шомылу, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қарасты Е.Пугачев атындағы мұражай үйі және А.Пушкин мұражай-үйі, «Рухани жаңғыру» мұражайы, М.Маметова атындағы облыстық тарихи-мемориалдық мұражайының тақырыптық залдарына экскурсия, «Жайық» қалашығына, Достық үйіне және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына, «Robofest» тақырыбындағы облыстық ақпараттандыру орталығының мамандарымен шеберлік сыныптары, «Орал» ойын – сауық орталығындағы «Kinoplexx West» кинотеатрына және «Funky Town» ойын-сауық орталығына, Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының «Джуманджи» бөліміне, облыстық экологиялық-биологиялық орталығына (зоопарк), «Ақжайық» футбол клубына, Мәдени ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік концертті тамашалау, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының музейі, Островский атындағы драма театрына қойылым тамашалау, Қадыр орталығында концерт тамашалау, «Орал Зенит» зауытына экскурсия, түнгі қалаға саяхаттар жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу