8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қыркүйек 2025 1238 0
Toqaev2025

«Ғарыштық аналитиканың ғылыми деректерін пайдаланамыз»

– Осы жолғы Жолдауда ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейін арттыруға назар аударылды. Мысалы, биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге екі млрд доллар бөлінген. Бұл ретте жергілікті жерлерде қосымша үш мыңнан астам жұмыс орыны құрылған. Импорттық азық – түлікке тәуелділікті азайту мақсатында, Аграрлық хаб құру және логистикалық тізбектердің деңгейін арттыру аса маңызды және стратегиялық қажетті болып табылады.
2022 жылдан бастап пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін алу процесі жүріп жатқанын айтты. Сондықтан болашақта цифрлық ел болу үшін топырақтың сапасын, ауыл шараушылығы өсімдіктері мен орман екпелерінің жай – күйін зерттеу үшін ғарыштық аналитиканың ғылыми деректерін және спутниктік мониторингтің статистикалық ақпаратын пайдалану қажет. Ветеринария мен фитосанитарияның жоғары өнімділікке қол жеткізудегі және ауыл шаруашылығы жоғары сапалы өнімін өндірудегі рөлін арттыру туралы мәселесі уақтылы көтерілді деп есептеймін. Менің ойымша, Президенттің осы Жолдауы мемлекеттік органдардың, бизнестің, азаматтық қоғамның және ел экономикасының барлық салаларының дамуына жаңа серпін береді.

Берік ХҰСАЙЫНОВ, «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
132 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
66 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»