8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2021 1153 0
Қоғам

ҒАРЫШ ПЕН ӘЛЕМНІҢ ШЕКСІЗДІГІ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІ ШАБЫТТАНДЫРАДЫ

12 сәуір –Дүниежүзілік авиация және косманавтика күні. Дәл осы күні 60 жыл бұрын Кеңес ғарышкері Юрий Гагарин Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып, ғарыш кеңістігіне алғашқы қадам жасады.

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары физиканы тереңдетіп оқиды, инженерлік және авиамодельдеуге қызығушылық танытады. Ғарышты, астрономияны және авиацияны, сондай-ақ ғарышкерлер мен ғарыш ғалымдарының өмірбаянын зерттеу жас зияткерлерді шабыттандыратыны таңқаларлық емес.

Мәселен, 12-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидін өндірісті қалай пайдаға асыруға болатынын зерттеді. Ақылбектің өзі жасақтаған химиялық реактор арқылы  оттегі және метан алуға болатынын айтады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышқа отын ретінде пайдаланылады. Айта кетейік, аталған жобамен Ақылбек 2018 жылы өткен «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбына арналған ІХ Наурыз кездесулерінің жеңімпазы атанды.

– Әрине, қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов ағаларымыздың жоғары баға беруі, космонавтика саласының халықаралық сарапшысы Майкл Лутомски және NASA-ның ғылыми зерттеушісі Правин Пратапанмен кездесуіміз зор әсер сыйлады.  Космос пен Әлемнің шексіздігі ғылымды зерттей түсуге шабыттандырады, – дейді Ақылбек.

Мектеп оқушылары Сания Мұхамбетқалиева мен Дильназ Уашева Python тілінде бағдарламалаумен айналысады. Олар кез келген уақытта планеталардың орналасуын шамамен дәлдікпен есептейтін күн жүйесінің 3D моделі планетарийі – AstroTravel қосымшасын жасады. Осы сандық өнімнің арқасында сіз күнді арнайы өрістерге енгізіп, Күн жүйесі планеталарының белгілі бір уақытта қай жерде болғанын немесе орналасатынын көре аласыз.

11-сынып оқушысы Эламир Қадырғалеев «COSMO-I» жобасында ғарыш ассисстентінің прототипін жасақтады. COSMO-I – жасанды интеллект жүйелерін бірыңғай жүйеге интеграциялау арқылы техникалық мәселелерді шешуге қабілетті бағдарлама. Ғарыш кемесінің бортында ассистент ретінде қызмет ететін жоба борттағы ақауларды анықтай алады. Жобада ғарыш кеңістігінде планеталарды, астероидтерді және метеориттерді тануға қабілетті жасанды интеллект үлгісі пайдаланылған, сондай-ақ ол магнит өрісінің, температураның және басқа параметрлердің әсерлерін есептейді.

– Байқоңыр ғарыш станциясында ғарыш зымыранының ұшуын өз көзіммен тамашалауға мүмкіндік алдым. Мектебіме осы сәт үшін шексіз алғыс айтамын,  – дейді Эламир.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
45 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
230 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
270 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
549 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
561 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
687 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
989 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1081 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1107 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1318 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1589 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1815 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1854 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2001 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2199 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»