ҚАРУДЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың 2019-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарының 1.9-тармағын орындау, сондай-ақ ішкі істер органдарында тіркелген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау және пайдалану тәртібіне бақылау жасау мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағында ағымдағы жылғы 20-23 мамыр аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара кезінде азаматтық қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша қарудың бар-жоғы (моделі, түрі, үлгісі, нөмірі, калибрі), олардың сақталуын қамтамасыз ету (сейфтің, жұмыс істейтін сигнализацияның бар-жоғы), қаруды уақтылы тіркеу және қайта тіркеу (рұқсаттың жарамдылық мерзімі, қару иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қарудың есебі, БДБ-мен салыстыра-тексерулер) жүргізілген-жүргізілмегені тексеріледі.
БҚО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шараның екі күні ішінде тұрғылықты жері бойынша 1694 қару иесі тексеріліп, 76 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қаруды сақтау ережелерін бұзғандары үшін 53 бірлік қару тәркіленіп (оның ішінде 51 бірлік тегіс ұңғылы, 2 бірлік газды тапанша), иелеріне айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар іс-шара кезінде тіркелмеген 1 бірлік электрошокер, 1 бірлік тегіс ұңғылы, 1 бірлік ойық ұңғылы қарулар тәркіленді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу