8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2019 2264 0
Өзек

ҚАРУДЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Орал қаласы аумағында жүргізілген «Қару» жедел алдын алу шарасы барысында учаскелік инспекторлар 500 үйді аралап, тексеру жүргізді. 

Орал қаласы Полиция бөлімі, Абай мен Шаған полиция бөлімдері қызметкерлері 5 күн ішінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қодекстің 484-бабымен  62 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Яғни, кодекстің азаматтық, қызметтік қаруларды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу туралы бабын бұзған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олар әкімшілік хаттама негізінде айыппұл төлейді.

Атап өтейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қодекстің 484-бабында Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзғаны үшін жеке тұлғалар – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтіні көрсетілген. Бұл бір жыл ішінде екінші мәрте қайталанса, жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»