8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2024 2597 0
Қалалықтар қаперіне

Арнайы комиссия құрылады

Журналистермен өткен кездесуде арнайы комиссия құрылатыны да айтылды. Зардап шеккен тұрғындарға берілетін өтемақы бойынша арнайы комиссия құрылады.


Соның нәтижесінде
оларға өтемақы қаншалықты мөлшерде берілетінін  жариялайды. Бұл жерде айта кететін жайт  –  саяжай тұрғыны мен өзі үй салу мақсатындағы тұрғынға өтемақы беру заң шеңберінде қарастырылады. Орын алған  табиғи сипатқа  байланысты, 2024 жылдың 26 наурызы күні Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановтың шешіміне сәйкес жергілікті жерде төтенше жағдай жарияланды,- деді Ж. Дүйсенғалиев.

 «Казгидромет» ШЖҚ РМК болжамы бойынша,негізінде 20 милиметрден астам жауыншашын болады деп күтілген екен. Бірақ, 26 наурыз күні жауған жаңбырдың салдарынан 25 милиметрге дейін көбейген.

Бұл көрсеткіш «Казгидрометтің» болжамынан асып кеткен. Екі тәуліктен бері  үйлерін, аулаларын су басу фактісі бойынша қала тұрғындарынан 1000 – ға жуық өтініш түсіпті. Сол секілді қалалық әкімдікті, қазынашылық мекеме мен теміржол вокзалының жер төлесін су басқан. Мұндағы себеп – жертөледегі әжетхананың орналасуы. Бұл ретте қаладағы коллектор мен құдыққа күш түскен. КНС-тар 35 000, 40 000шаршы метр суды айдап шығарған. Айта кету керек, бұл тұрғыда су басу қаупінің алдын алуда жұмысшылардың үлгермеуіне  байланысты жер төледен су кері шығып жатқан көрінеді.

                                                                                               «Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
15 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»