8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2018 2139 0
Жалын

АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН ЕЛДОС

         Елдос Иман-Мәліков студенттер күнін асыға күтетіндердің бірі. Ол бұл күнді достарымен бірге айрықша атап өтеді. «Студенттік өмір кімге болса да қымбат екенін бәрі біледі. Сондықтан қайталанбас осы бір ғажап шақта барлық студенттерге ұмытылмас әсерлі, шуақты сәттер тілеймін», – дейді ол. Бүгінде «ҚазИИТУ» ғылыми-білім  кешенінің «Экономика және менеджмент» факультетінің 2-курс студенті Елдос Иман-Мәліковтің алға қойған нақты мақсаты бар. Жас та болса танымал болып үлгерген бозбала өз еңбегінің нәтижесінде  маусым айында «KazEcoProducts» жеке жауапкершілік серіктестігін құрып,  қараша айында биогумус тыңайтқыштарын  өңір нарығына шығаруды жоспарлап жүр.

Қаратөбе ауданының  Жусандыой ауылының тумасы Елдос жастайынан қаржыгер болуды армандапты. – 9 сыныпта жүргенде алғаш рет аудандық «Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес жобалары» байқауына қатысып, үшінші орын алдым. Келесі жылы дәл осы байқауға қайта қатысып бірінші орын алып, облыстық байқауға жолдама алдым. Облыстық деңгейдегі байқаудан да үздік шығып, республикалық байқауға қатысуға мүмкіндік алғаныммен, белгілі себептермен байқау өтпей қалды. Бірақ болашақта арманымның жүзеге асарына іштей сенімді болдым, ­- дейді Елдос.  2017 жылы орта мектепті бітірген бозбала ойланбастан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне қаржыгер мамандығына оқуға түседі.  Университеттің 1 курсында оқып жүргеннен-ақ  «Шабыт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Youth business week» әлеуметтік және бизнес жобада бақ сынап, 100 мың теңгелік сертификатты ұтып алады. – Бұл жеңісім алға қарай ұмтылуыма, тың идеялар тудыруға септігін тигізді.  Бұдан соң «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша бизнес-кеңесші  оқу курсынан өттім. «Жас кәсіпкер» онкүндік курсына қатыстым. Сөйтіп кәсіпкерліктің алғашқы баспалдақтарын меңгере бастадым, ­- дейді Елдос Жаулыбайұлы.

Университетте мамандарды дайындау үшін базалық жақсы жағдай жасалған, жаңа деңгейдегі құрал-жабдықтармен қамтылған, IT технологиясы мүмкіндігі негізінде құрылған Хайтекті, роботтехника лабораториялары, желден энергия алудың ашық алаңын, күн энергиясын пайдалану арқылы іске асқан гелиоэлектромобиль жобасын, баламалы энергияны өндіріске, тұрмысқа пайдаланудың лабораториясы бар. Университет оқытушылары студенттермен бірге күн сәулесінен қуат алып жүретін жеңіл автокөлік ойлап шығарды. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, автоматтандыру, ақпараттық жүйелер, радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша лаборатория базасы толығып, Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация, байланыс мекемелерінде практика өткізу жүйелі қолға алынды. Осы берілген жүйелі білім, нақты практикалық жұмыстар нәтижесінде Елдос Иман-Мәліковке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған аймақтық «Идеялар жәрмеңкесі» атты жобаға қатысуға мүмкіндік туды. Осылайша бойдағы қабілетін сынап көрмек болған еңбекқор жас аталмыш байқауда «Органаминералды тыңайтқыштар мен биотопырақ өндірісі» тақырыбындағы жобасымен бірінші орынды иеленіп, 1,5 млн. теңгенің грантын ұтып алады. Нәтижесінде өз «KazEcoProducts» жеке жауапкершілік серіктестігін құрып,  биогумус тыңайтқыштарын  шығаруды қолға алды. Осы бағытта компания жұмысын өрістету үшін Астана қаласына үш күндік арнайы курсқа барып, Канада, Ұлыбритания мемлекеттері мамандарының озық тәжірибесін алмасады. Сондай-ақ Атырау қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен «Іскерлік байланыс» оқу семинарына барып қайтқан. Қазіргі таңда бағдарламаның екінші деңгейі бойынша іріктеу өтіп жатқан көрінеді. Іріктеуден өткен 50 үміткер мемлекет қазынасынан бөлінген қаражатқа германия мемлекетіне 23 күнге тәжірибе алмасуға жіберіледі. Алғыр жас осы мүмкіндікті жіберіп алғысы келмейді. Сол себепті барын салып дайындалып жүр.

Отбасында үш баланың ортаншысы және әжесінің тәрбиесінде болған соң ол үнемі өзгелерге қамқорлық жасап жүреді. Достарына да адал. Әкесі Жаулыбай Хабиев ауылдағы мектепте дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді, ал анасы Нұргүл үй шаруашылығымен айналысады. Әжесі Валентина Оразақаева 20 жылдан бері бау-бақша егіп, оның күтіміне ерекше мән береді екен. Кішкентайынан әжесінің қасында жүрген Елдос бау-бақшаны өсіруге қызығушылық танытып,  тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементтерді көңілге тоқып жүретін. ­«Міне, әжемнің тәрбиесі немересінің өмірден өз орнын табуына үлкен септігін тигізді. Студенттік шақ керемет қой!  Қазір бізге барлық жағдай жасалып жатыр. Өнерлі, талантты жастарға мүмкіндік мол. Сол үшін жастарға үнемі қамқорлық көрсетіп жүретін Елбасына, облыс басшысына айтар алғысымыз зор, – дейді кәсіпкер студент. Болашағын студент шағынан бастап қалыптастырған дарынды жас болашақта ел дамуына өз үлесін қосқысы келеді.

Әңгіме барысында Елдос студенттік шақтың адам өмірінде ең бір қызықты, айрықша орын алатын кезең екенін жеткізді. Оның айтуынша, студенттік кезде жастар тек білім алуға ғана емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге, өздігінен шешім қабылдауға үйренеді. Жылына бір рет атап өтілетін Халықаралық студенттер күні — мен үшін ерекше мереке. Сондықтан барлық оралдық студенттерді мейрамдарымен құттықтаймын, – дейді ол.

Айта кету керек, Елдос Иман-Мәліковті түрлі жобаларға дайындап, белсенді жастың бар мүмкіндігін ерінбей, талмай пайдалануына жоба жетекшісі Ардақ Қазиева мен «Экономика және менеджмент» факультетінің деканы Сәлімжан Искаковтың үлесі зор.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
25 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
242 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
735 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1112 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1051 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1472 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2090 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2256 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2262 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2317 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1965 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2796 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2849 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2846 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3455 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3428 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3413 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3391 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3601 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»