8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2019 2289 0
Қоғам

ҚАРИЯЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

1 қазан – халықаралық қарттар күніне орай, Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешіті және мешіт жанынан құрылған «Берекелі жамағат» еріктілер тобының бірлесуімен қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Облавка ауылдарында болып, аз қамтылған, көпбалалы, жалғызбасты қарияларға, яғни 15 отбасыға азық-түлікпен көмектесті. Қайырымдылық шарасына қатысқан мешіт имамдары игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады дейді.

Ислам діні жағдайы бар азаматтарды қоғамдағы әртүрлі тағдырымен қайырымдылыққа мұқтаж болған кісілерге, қоғам мүшелеріне көмектесуге, қол ұшын беруге, жәрдемдесуге шақырады. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Өзі тоқ жатып, көршісі аш жатқан адам бізден емес», – деген. Сондай-ақ, Құран Кәрімнің бірқатар аяттары да жұртқа садақа беруге, көмектесуге, қол ұшын созуға, тамақтандыруға шақырады». Осылай деген Бөрлі аудандық, Ақсай қалалық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов мешіттің ұйымдастырып отырған бұл қайырымдылығы осы өсиеттердің аясында екенін жеткізді.  Айта кетейік, «Берекелі жамағат» еріктілер тобы 2019 жылдың наурыз айында құрылған. Күні бүгінге дейін еріктілер тобының қолдауымен аудан бойынша 300-ден астам қайырымдылық сөмкесі таратылса, 600-ден астам адамға көмек көрсетілген.

Үміт ЖӘҢГІРОВА, Бөрлі ауданы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»