8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2018 1939 0
Спорт

«Қардың аз болуы кедергі болып тұр»

2017 жылы салауатты өмір салтын насихаттау бағытында Орал қаласы бойынша 2500-дей спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылған. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұхамбетовтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 80 658 адамды құрайды. Бұл қала тұрғындарының 29,1 пайызы. Ал балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде 5000-нан астам бала білім алып, жаттығып жүр.

Бүгінде қаламызда 63 спорт түрі дамытылады. Оның 28-і – олимпиадалық, 19 – олимпиадалық емес, 4 – техникалық, 8 – ұлттық және 4 – мүгедектер спорты. Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында яғни 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызының спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Спорт саласы бойынша ұйымдастырылған ірі шаралар соның айғағы.

–  Елбасының халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту керек деген міндет қоюы бекер емес. Адамның дені сау болса, жаны да сау болады. Тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін алдымен, спорттың бұқаралығын кеңінен насихаттау керек. Сондықтан бізде әрбір даталы мерекеде спорттық жарыстарды, түрлі турнирлерді ұйымдастыру дәстүрге айналды. Мәселен, елімізде өткен қысқы спорт түрлері бойынша дүниежүзілік «Универсиада – 2017» алау эстафетасына республикалық, халықаралық деңгейде облысымыздың атын әйгілеп жүрген спортшылар, түрлі қоғамдық шараларда белсенділік танытып жүрген азаматтар тартылды. Наурыз тойын мерекелеу аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, оған қала тұрғындары жоғары деңгейде қатысты. Волейболдан қыздар арасындағы «ЕвроАзия» турнирі», тұрғындар арасындағы қысқы және жазғы президенттік тестілер, денсаулық сақтау, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері арасында қысқы және жазғы спартакиадалар, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада биыл да жалғасын тапты, – дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Мадиярұлы.

Қала тұрғындары арасында өз беттерінше спортпен шұғылданып, ертеңгісін, кешкілік жүгіріп жүрген жасы бар, қарты бар тұрғындар қатары көбейіп келеді. Ал балалардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін де бірқатар шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, қала мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында спартакиада өткізіліп, оған 20 мың оқушы қатысқан. Бұдан бөлек балалар-сауықтыру лагерлері арасында, аула клубтары арасында спартакиадалар, жасөспірімдер арасында футболдан қала біріншілігі ұйымдастырылыпты. Сондай-ақ мүгедектер, спорт, еңбек және ҰОС ардагерлері арасындағы спартакиада және қала күніне арналған волейболдан «Достық-Дружба» халықаралық турнирі, ал жуырда бес елдің үздік спортшыларының қатысуымен аралас жекпе-жектен ММА турнирі өтті. Бұқаралық шаңғы тебу, велошеру, жеңілатлетикалық марафон, денсаулық фестивальдары және басқа да шаралар тұрақты түрде өтіп жүр.

Спорттық нысандар көбеймек

Спорттың бұқаралығын арттыру үшін де, спортшылардың шеберлігін шыңдау үшін де ең алдымен керегі – спорттық база. Орал қаласында бұқаралық спортты дамыту және халықтың дене шынықтыру мен спортқа деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында бір мезгілде 19 636 адамды қабылдайтын 382 спорттық құрылым бар. Оның 14-і 2016 жылы қолданысқа берілген. Оқушылар сарайының ашылуымен жүзу бассейні, жеңіл атлетикалық манеж, Д.Елеусінов атындағы бокс залы, жасанды мұз қорапшасы ашылса, қала аумағында 7 спорттық алаң, 3 стрит уоркаут алаңы қолданысқа берілді.

Қазіргі уақытта бұқаралық спортты дамытуға ден қойылып, серпін беріліп отыр. Қалада 12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, сонымен қатар спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі, олимпиада резервтерін даярлау орталығы және үш мамандандырылған клуб (футбол, волейбол, допты хоккей) жұмыс істейді. Оларда 6 мыңнан астам жеткіншек тәрбиеленуде. Бұған қоса балалар-жасөспірімдер клубтарында – 3 890, жоғары оқу орындарында 7310 жас дене шынықтырумен тұрақты шұғылданып келеді. Спорттық нысандардың саны тағы да толықтырыла түспек. Өткен жылы 20 көпфункционалды спорттық және балаларға арналған алаңдардың құрылысы басталған. Оның 10-ы жергілікті қаражат есебінен, 7-уі «Самұрық Қазына траст» АҚ желісі бойынша, 3-уі Street Workout федерациясы арқылы жабдықталуда. Бұл спорт алаңдары арқылы 12,3 мың адам спортпен қамтылатын болады. Биыл және келер жылдары жалпы 25 алаңы қолданысқа беріледі.

– Қаламызда спортпен кәсіби түрде айналысатындар мен балалар үшін арнаулы спорт мектептері, спорт клубтары бар. Ал кәсіби емес түрде спортпен айналысуға құмар азаматтарды толық түрде қамти алмай отырмыз. Сондықтан бәсекелестік ортаға беру қажеттілігі туындады. Өйткені дене шынықтырумен айналысу – қызмет. Сол себепті жеке кәсіпкерлерді тартуға күш салып отырмыз. Олардың спорт нысандарын салып, ақылы түрде қызмет ұйымдастыруына мүмкіндік жасалуда. Бұл мақсатымыз орындалып келеді. Соңғы жылдары қала аумағында жеке спорт орындары көбейді. Бұл қуантарлық. Жалпы қала бойынша 20 шақты жеке спорт залдар мен фитнес орталықтар бар, – деді Азамат Нұрмұхамбетов.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Спортшыларымыздың әлемдік деңгейдегі беделді жарыстарда қол жеткізген жетістіктері спортшыларды даярлаудағы қазіргі жүйеміз ықпалды да тиімді екенін аңғартады. Жоғары жетістіктер спортындағы рекордтар, халықаралық, ұлттық және басқа да ресми спорттық бәсекелердегі жеңістер бұқаралық спорттың дамуына моральдық тұрғыдан игі ықпалын тигізеді. Сондықтан саладағы кадр әлеуетінің үлесі зор. Азамат Нұрмахамбетов атап өткендей, жеке орындарды есепке алмағанда қала бойынша мамандар жеткілікті. Жалпы бұл салада 1080 маман жұмыс жасауда. Олардың 327-сі орта беру мектептерінің мұғалімдері. 400-ден астамы бапкер-жаттықтырушылар мен әдіскер-нұсқаушылар.

Ұлттық ойындарға басымдық берілмек

Жұмысты тиімді жүргізу мақсатында спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу және спортшылардың жарыстарға қатысуы үшін спорттық құрал-жабдықтармен қамту жақсарған. Қала тұрғындары үшін қысқы (коньки, клюшка, шайба, шаңғы) және жазғы (доптар, секіртпелер, роликтер, скейтбордтар, самокаттар, балаларға арналған велосипедтер, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар, гимнастикалық шеңбер) құрал жабдықтар сатып алынды. Бұл ретте «Самұрық Қазына траст» АҚ-ның да қолдауы зор. Өткен жылы 20 мектептің спорттық жабдықтарын алуға демекшілік жасаған компания өкілдерімен алдағы уақытта да байланыс нығая түспек.

Ал қазіргі маусымда спортсүйер қауым үшін мұз қорапшалары дайындалуда. Аяз түсісімен қаңырап қалатын ойын алаңдары бүгінде мұз айдындарына айналған. Өңірде қысқы спорт ойындарының ішінде допты хоккейге қызығушылық жоғары. Сондықтан бұл ойындар бойынша жерлестеріміздің деңгейі жоғары. Қазір 350 бала хоккеймен күнделікті айналысады. Бөлім басшысы атап өткендей, шаһарда 40 шақты мұз сырғанағын құю жоспарланған. Бірақ ауа-райының құбылмалылығы оның барылғының ашылуына мүмкіндік бермей отыр.

– Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі «Құрылыс Жөндеу Сервис» ЖШС қолдауымен 11 мұз айдынын дайындады. Олар қаланың әр аумағында жұмыс жасауда. Сондай-ақ білім беру бөлімі тарапынан жыл сайын 15 шақты мектептің спорт алаңдарында мұз айдындары жасалатын. Биыл олардың барлығы бірдей қосылмады. Өйткені, өздеріңіз байқағандай, биыл қар аз түсті. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлерге ақылы түрде мұз айдындарын құюға орындар белгіленген еді. Олар да мүмкіндігінше жұмыс жасауда. Дегенмен, әлі де толық дайындалмаған орындар бар. Өкінішке орай, ауа-райының қолайсыздығынан жоспарлағанымыздай болмай жатыр, – деген Азамат Мадиярұлы қардың аз болуы себепті қысқы спорттық ойындарды да ұйымдастыруға мүмкіндік болмай отырғанын тілге тиек етті.


Ал биылғы жылға жоспар көп. Соның ішінде Астананың 20 жылдығына орай спартакиадалар, Орал қаласы күні қарсаңында бокстан шеберлік турнирі ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорттық ойын түрлерінен фестиваль өткізуге басымдық берілетін болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Қалада бір уақытта 19 636 адамды қабылдайтын 382 спорттық құрылым бар. Алдағы жылдарда олардың қатары тағы 25 көпфункционалды спорттық және балаларға арналған алаңдармен толықпақ. Өткен жылы 20 алаңның құрылысы басталды. Оның 10-ы жергілікті қаражат есебінен, 7-уі «Самұрық Қазына траст» АҚ желісі бойынша, 3-уі Street Workout федерациясы арқылы жабдықталуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
133 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
304 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
342 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
617 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
630 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
755 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1058 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1149 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1177 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1388 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1659 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1883 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1923 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2070 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2268 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»