АРДАГЕРЛЕРМЕН АРНАЙЫ КӨРІСТІ
Бүгін, түске дейін Әз-Наурыздың алғашқы мерекесі-Көрісу Айтты назарынан тыс қалдырмаған БҚО әкімі Ғали Есқалиев “Атамекен” өнер ордасына арнайы барып, «Көрісу күні» мерекесіне орай облыстың еңбек ардагерлерімен көрісті. Көктемнің келуін бейнелейтін, Наурыз мейрамы қарсаңында атап өтілетін бұл мереке «Амал» немесе «Көрісу күні» деп те аталады.
Кездесу барысында өңір басшысы ақсақалдарды Ұлық мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына қатысты сұрақтарды талқылады.
– «Қауышу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Біздің аймақ ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қатаң сақтаған, біз осы мәдениетті, дәстүрді жалғастыруымыз керек. Бүгін осындай керемет күні бас қосып отырмыз. Өздеріңізге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, жақындарыңызға амандық тілеймін,- деді Ғали Нәжімеденұлы.
Кездесуде ардагерлер өңірдің дамуына қатысты ойларымен бөлісіп, өнер ордасының фойесіне қойылған ақтан дәм татып, «Ағалар әуені» тобы мен «Әже сәлемі» және фольклорлық ансамблдерінің өнерін тамашалады.
Рафхат ХАЛЕЛОВ, суретке түсірген автор.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу