АРБАТТА ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
Бүгін, 10 қыркүйек күні Орал қаласында «Қала күні – 2021» мерекелік іс-шарасы аясында «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолөнер жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңкесі 19 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қаланың орталығындағы Арбат бойында, яғни Дина Нұрпейісова көшесінде киіз үйлер тігіліп, оралдық қолөнер шеберлері өз бұйымдарын жәрмеңкеге шығарды. Жәрмеңкенің ашылу салтанатына орай қалалық мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты балалар аула клубтарының өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады.
Биыл аталмыш жәрмеңкеге көршілес Ақтөбе қаласының шеберлері де келіп қатысуда. Сонымен қатар Алматы қаласы мен Қырғызстан елінен де қонақтар күтілуде.
– Бұл дәстүрлі шара қаламыздың төл мерекесінің бастауы десек болады. Жәрмеңкеге қала тұрғындары мен қонақтары келіп, ісмерлер мен шеберлердің қолынан шыққан түрлі бұйымдарды тамашалай алады. Жәрмеңкеге жиырмадан астам қолөнершілер қатысуда. Ал 18 қыркүйек күні осы жәрмеңкені қаладағы білім беру ұйымдары ұсынатын гүлдер көрмесі толықтырады, – деді Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.
Жәрмеңкеге жыл сайын тұрақты түрде қатысатын «МЕКО» дизайн-студиясының директоры Меңдібек Нұрғалиев жергілікті шеберлердің жұмысына қолдау көрсетіп жатқан ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
– Біздің студия қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін тігумен айналысады. Осы жәрмеңкеге сөмке, бас киім, футболка сынды өнімдерімізді шығарып, халыққа ұсынудамыз. Мұндай іс-шаралар шеберлер үшін өте тиімді. Біз нәтижесінде тұтынушыларымыздың баға немесе сапа туралы сұраныстарынан, талап-тілектерінен хабардар боламыз, – деген студия директоры осындай жәрмеңкелер жиі өтіп тұрса деген ұсынысын да жеткізді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру

Пікір үстеу