ҚАРАТӨБЕДЕ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 4 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Бұл жобалардың жүзеге асырылуымен 161 жұмыс орнының ашылуы көзделген, қазіргі уақытта 107 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Қаратөбе ауданының әлеуметтік -экономикалық дамуы баяндаған ауданы әкімі Жанат Асантаев Президенттің тапсырмасына сәйкес дағдарысқа қарсы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы ауылдық жерлерге үлкен серпіліс бергенін атап өтті.
– «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы Қаратөбе ауданы бойынша 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың жалпы келісім шарт құны 582,1 млн теңге, – деді Жанат Асылханұлы.
Атап айтқанда, Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылы Қалдығайты жалпы орта білім беру мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін 283,1 млн.теңге, Қаратөбе мектеп – гимназиясының жертөлесіне күрделі жөндеу жүргізуге 41,5 млн теңге, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің жертөлесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 29,9 млн.теңге, Қаратөбе ауылының Ә.Айтқожин, Ә.Тоққожин көшелерінің автомобиль жолдарын С.Датұлы және М.Нысанов көше жолдары тоғысуымен қайта жаңғыртуға 227,6 млн.теңге бағытталған.
Ашылатын жұмыс орындары барлығы – 161, соның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы – 81 адам жолдануы тиіс.
Бүгінгі күнге, барлығы 107 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы – 58 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу